Біз КТК-ны бастаймыз…

ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері курчатовтықтарға әзіл-қалжың мерекесін сыйлады.

         Ең көңілді әрі тапқырлар атағы үшін «Экомафия» (Радиациялық қауіпсіздік және экология институты), «300 сарбаз» (Атом энергиясы институты), «Lego» («Байкал») командалары жарысты.

         Ойын дүбірлі өтті. «Визитка», «Фильмді дыбыстау», «Үй тапсырмасы» конкурстық кезеңдерін көрсетуге барлығы шығармашылықпен, оларға тән әзілмен және жалынмен кірісіп, көрермендер өндірістік әрі өміршең болмыстарға шын жүректен күлді. Жанкүйерлер өз командаларын ду қол шапалақтаумен қолдап отырды.

         Соңында «Экомафия» командасы жеңіске жетіп, ҚР ҰЯО РМК бас директорының кубогі мен бас жүлдесіне қол жеткізді. Екінші жүлде «Lego» командасына, үшінші жүлде «300 сарбаз» командасына бұйырды. Қадыров Медет («Байкал» филиалы) бірауыздан үздік ойыншы болып танылды.  

- Бүгін біздің ойыншыларымыз көрсеткен КТК деңгейі күткендегіден асып түсті,- деп атап өтті әділқазылар алқасының төрағасы Эрлан Батырбеков, - барлық қатысушылар өте көңілді, әртістік шеберліктері мол және белсенді.

Енді ҚР ҰЯО РМК бас директорының кубогына арналған КТК ойыны дәстүрлі ойынға айналып, жыл сайын Атом саласы қызметкерлерінің күні қарсаңында қыркүйек айында өтетін болады.

Конференции

СЕМЕЙ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫ. РАДИАЦИЯЛЫҚ МҰРА ЖӘНЕ 
ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
EKIНШI АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Сейчас на сайте

Қазір 58 қонақтар Онлайн

Байланыстар

071100, Қазақстан,
Курчатов қ., Красноармейская к-сі,ғ. 2 54 Б

тел. (722-51) 2-33-33,
факс (722-51) 2-38-58
E-mail: nnc@nnc.kz