Бұрынғы КСРО-ның барлық ядролық сынауларының 70%-ына жуығы 1949 - 1989 жылдар аралығында Қазақстанның аумағында өткізілді. Олардың басым бөлігі, 116 ауадағы және жер бетіндегі жарылыстарды қоса алғанда, Семей полигонында (ССП) өткізілді. Мұнда КСРО-дағы алғашқы атом бомбасы (1949 ж.) және әлемдегі алғашқы сутегі бомбасы (1955 ж.) сыналды.
Қазақстан аумағындағы ядролық сынаулар салдарын зерделеу мен қоршаған ортаның одан әрі ластануын болдырмау - Республика алдында тұрған неғұрлым көкейтесті мәселелердің қатарында болып табылады.
ҚР Үкіметімен анықталған ҰЯО қызметіндегі басым міндеттердің бірі Қазақстан аумағындағы ядролық қаруды сынау салдарын жою болып табылады. Қазақстан аумағындағы ядролық жарылыстар өткізілген орындар
Полигон жабылғаннан кейінгі 10 жыл ішінде орталық мамандарымен ССП-дағы ядролық қаруды сынау салдарын жою бойынша жоспарлы жұмыс қалыптастырылды:
Батыс Қазақстандағы бұрынғы Азғыр ядролық полигонында аумақтың радиациялық мониторингі жөніндегі жұмыстарды орындайтын Азғыр радиоэкологиялық экспедициясы қызмет істейді.
Қазақстан аумағындағы радиациялық ахуалды жақсартудың маңызды элементтерінің бірі "Байкал-1" реактор кешенінің негізінде құрылған "Байкал" пайдаланылған ампулалық иондаушы сәуле шығару көздерінің қоймасы болып табылады. Республикамыздағы бірден-бір болып табылатын бұл қойма қазіргі уақытта Қазақстанның барлық аумақтарынан пайдаланылған көздерді қабылдайды.