Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар


Біздің мақсатымыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер қызметінің негізгі мақсаты – ҚР ҰЯО РМК мен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу.

Негізгі міндеттері:

  1. ҚР ҰЯО РМК мен оның жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;
  2. ҚР ҰЯО РМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
  3. ҚР ҰЯО РМК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
  4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеу талаптарының және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
  5. Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
  6. ҚР ҰЯО РМК ұжымында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Қағидаттары:

  1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
  2. басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;
  3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер қызметінің ақпараттық ашықтығы;
  4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицердің тәуелсіздігі;
  5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
  6. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;
  7. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың біліктілігін үнемі арттыру.

Байланыс ақпараты

Сенім телефоны: +7 72251-3-33-33, ішкі нөмір 3-14

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі, 2 Б

Эл. пошта: kasenova@nnc.kz

Сенім жәшігі Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі, 2 Б мекенжайында орналасқан.

Егер сіз Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі ҚР ҰЯО РМК) қызметінде мынадай мән-жайлардың куәгері немесе құрбаны болдым деп есептесеңіз:

  • дайындалып жатқан немесе орын алған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және жымқыру фактілері туралы;
  • бақылау (қадағалау), сатып алу рәсімдерін жүргізу кезіндегі бұзушылықтар туралы;
  • лауазымды адамдардың қызметтік жағдайын теріс пайдалануы және өкілеттіктерін асыра пайдалануы туралы;
  • ҚР ҰЯО РМК-ға материалдық залал келтіретін немесе оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де іс-әрекеттер жасалғандығы туралы мәліім болған жағдайда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің antikor@energo.gov.kz электрондық поштасына жаза аласыз.

Өтініштің құпиялылығына кепілдік беріледі.

Анонимді өтініштер (өтінішті жіберген адамның аты-жөні көрсетілмесе) қаралмайды.

Көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабында жауапкершілік көзделгеніне назар аударамыз.

Егер сіз ҚР ҰЯО РМК қызметінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының бұзылуына, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың көрініс табу фактілеріне тап болсаңыз, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық туралы болжамды бұзушылықтар туралы ақпарат болған жағдайда бұл туралы келесі байланыс арналары арқылы хабарласа аласыз:

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Call-орталығының 1424 телефон нөмірі бойынша (қоңырау шалу тегін)

электрондық үкімет порталының онлайн-сервисі арқылы gov.kz

https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/activities/population?lang=ru

(электрондық цифрлық қолтаңба – ЭЦҚ болуы тиіс)

немесе https://t.me/AntikorKZ_Bot телеграмм боты арқылы.