ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХХ конференция-конкурсы

Курчатов қ., ШҚО, Қазақстан Республикасы, 06 - 08 қазан 2021

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны


2021 жылғы 8 қазанда ҚР ҰЯО жас ғалымдар мен мамандардың ХХ жыл сайынғы ҒЗТКЖ конференция-байқауы өз жұмысын онлайн режимінде аяқтады.

Конкурсқа қатысушылар әділ қазылар алқасының қарауына 31 жұмыс ұсынды.

Барлық баяндамалар тыңдалғаннан кейін қазылар алқасының хатшылығына 9 рейтингтілік дауыс беру бюллетені келіп түсті.

Жүлделі орындарды анықтау кезінде конкурсанттардың келесі өлшемдер бойынша жинаған балдар саны ескерілді:

1) жұмыстың өзектілігі;

2) практикалық құндылығы (жұмайтылған проблема үшін маңыздылығы);

3) ғылыми, инженерлік деңгейі, нәтижелерінің жаңашылдығы;

4) жұмыстың аяқталу дәрежесі;

5) конкурсанттың қосқан жеке үлесі;

6) мазмұндау стилі және материалды игеру деңгейі.

Зерттеу бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып бағалаудың қосымша өлшемдері:

  •  іргелі зерттеулер үшін – жарияланымдардың деңгейі;
  •  инженерлік-техникалық жұмыстар үшін – техникалық шешімдерді бағалау;
  •  қолданбалы зерттеулер үшін – іс жүзінде қолдану.

Конференция-конкурстың нәтижелері:

І. Бірінші орын, диплом және ақшалай сыйақы:

ҚР ҰЯО РМК АЖИ филиалының материалтану сынақтары бөлімінің реакторішілік сынаулар бөлімі зертханасының ғылыми қызметкері Самарханов Қуаныш Қанатұлына, «6Li (n, α)3H ядролық реакциясы өнімдерімен инертті газдар қоспаларын қоздыру кезіндегі тозаңдалған бөлшектер эмиссиясы» жұмысы үшін – іргелі зерттеулер.

ІІ. Екінші орын, дипломдар және ақшалай сыйақы:

1. ЭМ ЯФМ РМК радиациялық материалтану зертханасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, ғылыми қызметкер Мережко Михаил Сергеевичке, «Цифрлық кескіндерді корреляциялау әдісімен анықталған жоғары сәулеленген аустениттік болаттардағы пластикалық деформацияны локализациялау ерекшеліктері» жұмысы үшін – іргелі зерттеулер;

2. ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің радиоэкологиясы тобының маманы Пономарева Татьяна Сергеевнаға, «ССП-ның радиоактивті ластанған аумағындағы «топырақ-өсімдік» жүйесіндегі 137cs әрекетінің ерекшеліктері» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.

ІІІ. Үшінші орын, дипломдар және ақшалай сыйақы:

1. ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің маманы Бияхметова Дина Бияхметқызына, «Кәсіби сәулеленудің жоғары дозалары диапазонындағы адам тістері эмалінің электронды-парамагниттік резонансы» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер;

2. ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының сәулелендіру құрылғыларының жылу-физикалық және нейтронды-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының II санатты инженері Жанболатов Олжас Мұратбекұлына, «Зерттеу реакторлары науқандарын есептеуге арналған құралдарды әзірлеу» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер;

3. ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының АСАЖӨО І санатты инженер-геофизигі Шульга Михаил Викторовичке, «Атом саласы объектілері орналасқан аудандардағы инженерлік-геологиялық жағдайлар мен әлсіз байқалған геодинамикалық процестер мониторингі кезінде электрбарлауды қолдану» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.

IV. Грамоталар мен ынталандыру сыйлықтары төмендегілерге берілді:

«Үздік шешен» номинациясында:

         ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының талдамалық зерттеулер бөлімінің элементтік талдау зертханасының ІІ санатты инженері Колбин Владимир Валерьевичке, «Силикат үлгілеріндегі элементтер мен оксидтердің массалық мөлшерін рентгенофлуоресценттік талдау әдісімен анықтау әдістемесін әзірлеу және енгізу» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер;

«Белсенді қатысушы» номинациясында:

         ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының термоядролық реактор жағдайларында материалдарды сынау зертханасының инженері Жанболатова Ғайния Қайырдықызына, «Вольфрам бетінде карбидтелген қабаттың қалыптасуына қайта кристалданудың әсері» жұмысы үшін –  қолданбалы зерттеулер;

         «Үздік дебют» номинациясында:

         ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалысының АСАЖӨО деректерді өңдеу тобының ғылыми қызметкері Көмекбаев Дархан Қалдарұлына, «Оңтүстік Қазақстан ауданындағы литосфера құрылысын зерделеу үшін бейбіт ядролық жарылыстардың тарихи сейсмограммаларын пайдалану» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер;

         «Жұмыстың сонылығы» номинациясында:

         ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының эксперименттік-механикалық бөлімінің инженері Ақболатов Елдос Жаннұрұлына, «12Х18Н10Т және AISI 316 әртекті аустенитті болаттарды қолмен аргон-доғамен дәнекерлеу процесін оңтайландыру» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.

         Ⅴ. Инновациялық жұмысы үшін сыйлықақы және ақшалай сыйлық:

         ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының радиациялық материалтану зертханасының инженері Дәулетханов Ерхат Дәулетханұлына, «SPT әдісімен миниатюралық үлгілерді сынау үшін сынақ құрылғысын әзірлеу» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.

         Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары:

         ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан:

  • іс жүзінде қолданғаны үшін – ҚР ЯО РМК РҚЭИ филиалының радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің Дорожкин Илья Петровичке, Семей сынақ полигоны аумағында гамма-спектрометриялық түсірілім нәтижелері бойынша радионуклидтер концентрациясының өзгеруін бағалау үшін программалық жасақтама («Тәжірибе алаңы» мысалында)» жұмысы үшін (қолданбалу зерттеулер),
  • сәтті дебюті үшін – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімінің ІІ санатты технигі Лаврикова Рината Геннадьевнаға, «ССП аумағындағы табиғи көлдердің радиоактивті ластану сипаты» жұмысы үшін (қолданбалу зерттеулер) және ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің инженері Артамонов Юрий Евгеньевичке, «Курчатов қаласының аумағында радон изотоптары концентрациясының маусымдық өзгерістерін айқындау» жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер);
  • зерттеулерінің өзектілігі үшін – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімінің І санатты технигі Тілеуқанов Ержан Нұрланұлына, «Ертіс өзенінің экологиялық жай-күйін бағалау» жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер);
  • деректерді өңдеудің жаңа әдістерін әзірлегені үшін – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының талдамалық зерттеулер бөлімінің элементтік талдау зертханасының инженері Есілқанов Ғани Мұхтарұлына, «ССП-ның шартты аялық аумақтарындағы жерасты суларының экологиялық-геохимиялық ерекшеліктерін анықтау үшін көп өлшемді статистикалық әдістерді қолдану» жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер);
  • материалдың мазмұндалу сапасы үшін – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің эколог маманы Сысоева Елена Сергеевнаға, «Семей сынақ полигонына іргелес аумақтағы орман төсенішінде радионуклидтердің таралу ерекшеліктері» жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер);
  • ғылыми жұмысының жаңашылдығы үшін – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының нейтрондық физика зертханасының инженері Сабитова Радмила Радиковнаға, «ИВГ.1М реакторының куәгер-үлгілерінің радиациялық зақымдану дозасын бағалау үшін нейтронды сәулеленуді MCNP–DART модельдеу» жұмысы үшін (қолданбалу зерттеулер);
  • зерттеулердің өзектілігі үшін – «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ инженерлік-техникалық факультетінің «Техникалық физика және жылу энергетикасы» кафедрасының оқытушысы Өміржанов Темірлан Нұрланұлына, «Қаражыра көмірінің негізінде отын брикеттерін жағудың энергетикалық тиімділігін зерттеу» жұмысы үшін (қолданбалу зерттеулер);
  • жас маман дайындаудағы дебюті үшін – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің зерттеу деректерін талдау тобының бастығы Бакланова Юлия Валерьевнаға, жұмыстың жетекшісі ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің инженері Дорожкин Илья Петровичке, «Семей сынақ полигоны аумағында гамма-спектрометриялық түсірілім нәтижелері бойынша радионуклидтер концентрациясының өзгеруін бағалау үшін программалық жасақтама («Тәжірибе алаңы» мысалында) (қолданбалы зерттеулер).

«Атом энергиясы институты» филиалынан:

  • термоядролық ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының арнаішілік сынақтар зертханасының 2-санатты инженері Бочков Вадим Сергеевичке, «Реакторлық сәулелену жағдайында қорғасын-литий эвтектикасынан тритийдің бөлінуіне дейтериймен үрлеп тазалаудың әсерін зерттеу» жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер);
  • үздік инженерлік-техникалық әзірлемесі үшін – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының радиациялық материалтану зертханасының инженері Дәулетханов Ерхат Дәулетханұлына «SPT әдісімен миниатюралық үлгілерді сынау үшін сынақ құрылғысын әзірлеу» жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер);
  • зерттеу реакторын конверсиялауды іске асыруға қосқан үлесі үшін – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының нейтрондық физика зертханасының инженері Светачев Станислав Николаевичке «Ресурстық сынаулар процесінде ИВГ.1М реакторының ЖБУ және ТБУ-отынынан бөліну өнімдерінің шығуын салыстыру» жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер);
  • радиациялық медицина саласындағы үздік жұмысы үшін – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының экожүйелерді кешенді зертеу бөлімінің эпидемиологиялық және биодозиметриялық зертеулер тобының маманы Бияхметова Дина Бияхметқызына «Кәсіби сәулеленудің жоғары дозалары диапазонындағы адам тістері эмалінің электронды-парамагниттік резонансы» жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер);
  • геофизикалық зерттеулер саласындағы үздік жұмысы үшін – ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының АСАЖӨО деректерді өңдеу тобының ғылыми қызметкері Сейнасинов Нұрбек Асылбекұлына «Орталық Азияның сейсмикалық мониторингіндегі Қаратау сейсмикалық тобының магнитудалық сезімталдығы» жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер);
  • бірегей ғылыми жұмысы үшін – «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ 1-курс докторанты Байбасарова Әнел Рашитқызына «Мультикомпонентті тамақ өнімдерінің жылуфизикалық қасиеттеріне компоненттік құрамның әсері» (инженерлік-техникалық зерттеулер).

Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінен:

  • ССП аумағын радиоэкологиялық зерттеуге қосқан үлесі үшін – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімінің І санатты технигі Лаврикова Рината Геннадьевнаға, «ССП аумағындағы табиғи көлдердің радиоактивті ластану сипаты» жұмысы үшін (қолданбалу зерттеулер).

V. ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХХ конференция-конкурсының барлық қатысушыларына қатысу сертификаттары берілді.

VI. Ұсынылған жұмыстарды «ҚР ҰЯО жаршысы» журналында жариялау ұсынылды.