ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
2018 жылғы 18 мамырда ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХVII конференция-конкурсы өз жұмысын аяқтады.
Әділ қазылар алқасының қарауына жас ғалымдар мен мамандардың 42 жұмысы ұсынылды.
Барлық баяндамалар тыңдалғаннан кейін әділ қазылар хатшылығына 9 рейтингілік дауыс беру бюллетені келіп түсті.
Жүлделі орындарды анықтау кезінде конкурсанттардың мына өлшемдер бойынша жинаған балдар саны ескерілді:
1) жұмыстың өзектілігі;
2) практикалық құндылығы (айтылған проблема үшін маңыздылығы);
3) деңгейі – ғылыми, инженерлік, нәтижелерінің жаңашылдығы;
4) жұмыстың аяқталу дәрежесі;
5) конкурсанттың қосқан жеке үлесі;
6) мазмұндау стилі және материалды игеру деңгейі.
Бағыттардың ерекшелігі ескерілгендегі бағалаудың қосымша өлшемдері:
Конференция-конкурстың нәтижелері:
І. Бірінші орын, диплом және ақшалай сыйлық:
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының радиологиялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің инженері Кривицкий Павел Евгеньевичке, «Сарыөзен» алаңындағы радиоактивті ластанған объектілерді оңалту әдіснамасын әзірлеу» жұмысы үшін берілді – қолданбалы зерттеулер.
ІІ. Екінші орын, дипломдар және ақшалай сыйлық:
1. ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің конструкциялық және отын материалдарын сынау зертханасының инженері Букина Ольга Сергеевнаға, «ИГР реакторының ТБУ-отыны графитін рентгенқұрылымдық зерттеу» жұмысы үшін берілді – инженерлік-техникалық.
2. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімінің инженері Жапашева Жанна Ерсінқызына, «Сатылы сүзу әдісімен ССП-ның беткі суларындағы техногенді радионуклидтердің формаларын анықтау» жұмысы үшін берілді – қолданбалы зерттеулер.
ІІІ. Үшінші орын, дипломдар және ақшалай сыйлық:
1. ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің ішкіарналық сынақтар зертханасының инженері Самарханов Қуаныш Қанатұлына, «Ядролық реакциялар энергиясының оптикалық сәулелену энергиясына түрленуін зерттеу» жұмысы үшін берілді – іргелі зерттеулер.
2. ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің конструкциялық және отын материалдарын сынау зертханасының кіші ғылыми қызметкері Гречаник Алексей Дмитриевичке, «BWR-дегі ауыр авария кезінде актив аймақ балқымасының ішкі корпус материалдарымен өзара әрекеттесуін эксперименттік моделдеу нәтижелері» жұмысы үшін берілді – қолданбалы зерттеулер.
3. ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының реакторлық қондырғыларды әзірлеу және сынау бөлімінің реактор отынын сынау зертханасының 2-санатты инженері Жағыпарова Ләйлә Қалыққызына, «Эксперименттік құрылғының нейтрондық-физикалық сипаттамаларын есептік зерттеу» жұмысы үшін берілді – қолданбалы зерттеулер.
ІV. Грамоталар мен ақшалай ынталандыру сыйлықтары төмендегілерге берілді:
Үздік ресімделген жұмыс үшін
- ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің ішкіарналық сынақтар зертханасының инженері Бочков Вадим Сергеевичке, «Газ және булы газ қоспаларының ядролық және термоядролық қондырғылардың графит материалдарымен өзара әрекеттесуін кешенді зерттеу әдістемесін әзірлеу, жасау және сынау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
Жұмыстың сонылығы үшін
- ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің эпидемиологиялық және биодозиметрлік зерттеу тобының эпидемиолог маманы Кенесарина Айнұр Оразқызына, «Семей сынақ полигонына іргелес аумақта тұратын халықтың тұрақты транслокацияларының өңірлік аялық жиілігін анықтау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
Үздік шешен
- ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының талдамалы зерттеулер бөлімінің элементтік талдау зертханасының 2-санатты инженері Теміржанова Арай Ермекқызына, «Плазмамен индукциялы байланысқан масс-спектрометрия әдісімен элементтік құрамын анықтау үшін ауа аэрозолдерінің қатты бөлшектерінің сынамаларын оңтайлы дайындау тәсілін таңдау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
Белсенді қатысушыға
- ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» РМК-ның радиациялық материалтану зертханасының кіші ғылыми қызметкері Мережко Михаил Сергеевичке «Сәулеленген метатұрақты аустениттік болаттардағы локалдық деформациялардың пайда болуы және дамуы» жұмысы үшін – іргелі зерттеулер.
Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары төмендегілерге берілді:
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалынан
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы атынан
РҚЭИ институты зерттеулерінің экологиялық бағытын күшейткені үшін:
Круглыхин Александр Александрович
Кенесарин Бейбіт Ағыбайұлы марапатталады;
Сүлейменов Нұрболат Айдынұлы марапатталады;
Сержанова Зарина Бейсембайқызы,
Қаратаев Сейіл Серхилұлы марапатталады;
Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің атынан
- ЖОО атынан үздік сөйлегені үшін Сабитова Радмила Радиковна марапатталады.
V. ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХVII конференция-конкурсының әрбір қатысушысына қатысушы сертификаты берілді.
VI. Мақалалар журнал талаптарына сәйкес ресімделгеннен кейін және тыңдалған конкурстық жұмыстар бойынша қаралғаннан кейін ұсынылған жұмыстарды «ҚР ҰЯО жаршысы» журналында жариялау ұсынылды.