IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі

Курчатов қ., Қазақстан Республикасы, 08 - 10 қыркүйек 2020

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

  • Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
  • «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК
  • ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы
  • ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
  • Геофизикалық зерттеулер институты
  • «Ядролық физика институты» РМК
  • «Ядролық технологиялар паркі» АҚ
  • Қазақстанның ядролық қоғамы

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Төраға:

Батырбеков Эрлан Ғаділетұлы –  ҚР ҰЯО РМК бас директоры

Төрағаның орынбасары:

Березин Сергей Анатольевич – ҚР ҰЯО РМК бас директорының орынбасары

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

Кенжин Е. Ә. – ЯФИ РМК бас директоры

Донбаев Қ. М. – ГЗИ РМК бас директоры

Борисенко А. Н. – «Ядролық технологиялар паркі» АҚ басқармасының төрағасы

Тәжібаева И. Л. – «ЯТҚ» ҒТО атқарушы директоры

Сейфуллина Т.А. – «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының директоры

Витюк В. А. – ҚР ҰЯО РМК ғалым хатшысы

Мұқышева М. Қ. – Нұр-Сұлтан қ. ҚР ҰЯО РМК бөлімшесінің директоры

Айдарханов А. О. – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының директоры

Бакланов В. В. – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы директорының бірінші орынбасары

Утенкова Н. О. – ҚР ҰЯО РМК ғылыми-талдамалық ақпарат және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы

Ерыгина Л.А. – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ғалым хатшысы

Ларионова Н.В. – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының ғалым хатшысы

Серая О. В. – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ ҒТАБ бастығы

Трущенко Т.Е. – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ғылыми-талдамалық ақпарат және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС

 

Бозымбаев Қ. А. (Қазақстан)

Есімханов С. Қ. (Қазақстан)

Akehashi K. (Japan)

Bigot B. (France)

Bolshinsky I.M. (USA)

Florou H. (Greece)

Gauché F. (France)

H.Usui(Japan) 

Hecker S. (USA)

Hou X. (Denmark)

Hulka J. (Czech Republic)

Kodama T. (Japan)

Мerola М. (ITER)

Proehl G. (Germany)

Stohr P. (France)

Salbu B. (Norway)

Taiwo T. (USA)

Wieleba W. (Poland)

Zhunusova Т. (Norway)

Гарибов А. А. (Әзірбайжан)

Драгунов Ю. Г. (Ресей)

Дубасов Ю. В. (Ресей)

Зайцев П. А. (Ресей)

Ыбыраев Б. М. (Қазақстан)

Кәдіржанов Қ. К. (Қазақстан)

Қаракөзов Б. К. (Қазақстан)

Киевицкая А. И. (Беларусь)

Мутанов Г. М. (Қазақстан)

Рамазанов Т. С. (Қазақстан)

Рахими Ф. (Тәжікстан)

Садықов Е. Б. (Қазақстан)

Спасский Н. Н. (Ресей)

Тухватулин Ш. Т. (Ресей)

Черепнин Ю. С. (Ресей)

Школьник В. С. (Казахстан)

Юлдашев Б. С. (Өзбекстан)

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ

Конфренция ШҚО, Курчатов қ., «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК негізінде өткізіледі. Конференция бағдарламасында ССП-ның «Тәжірибе алаңы» мен «Атом көлін», эксперименттік кешендерін (ИГР және ИВГ.1М зерттеу реакторлары, КТМ материалтану токамагы және т.б.), ССП мұражайын аралау көзделген.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС ТІЛДЕРІ

Конференция орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Баяндамалар конференцияның жұмыс тілдеріне аударылады.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ

1.АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТАЛЫСЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

  • Ядролық зерттеу қондырғылары
  • Атом энергетикасының қауіпсіздігі
  • Радиациялық материалтану және қатты дене физикасы, энергетиканың келешек функционалдық материалдары
  • ПЯО және РАҚ-пен жұмыс істеу

2.БАСҚАРЫЛАТЫН ТЕРМОЯДРОЛЫҚ СИНТЕЗ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

  • Басқарылатын термоядролық синтез қондырғылары
  • Плазмафизикалық зерттеулер
  • ТЯР-дың конструкциялық және функционалдық материалдары
  • БТС-тің физика-техникалық және инженерлік аспектілері

3.РАДИАЦИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

  • Радиоэкологиялық зерттеулер және адам мен экожүйелерге төнетін қауіп-қатерді бағалау 
  • Бұрынғы сынақ полигондары мен басқа да радиациялық қауіпті объектілерді мониторингілеу
  • Техногендік радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарды ремедиациялау
  • Радиоэкологияның ғылыми және қолданбалы міндеттерін шешудегі жаңа тәсілдер
  • Өнеркәсіп пен медицинадағы ядролық және радиациялық технологиялар

4.ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫ ТАРАТПАУ РЕЖИМІН НЫҒАЙТУ  

  • Ядролық қару инфрақұрылымын және сынақтардың салдарын жою
  • Ядролық қаруды таратпау режимін қолдау және нығайту, азаматтық секторда жоғары байытылған уранды пайдалануды барынша азайту
  • Ядролық сынақтарды бақылаудың халықаралық жүйесін дамыту

БАЯНДАМАЛАРДЫҢ ТЕЗИСТЕРІ

Баяндамалардың тезистері (орысша немесе ағылшынша нұсқалары) 2020 жылғы 5 шілдеге дейін электронды түрде conf2020@nnc.kz e-mail-іне жіберілуі тиіс.

Тезистердің көлемі – А4 (210×297 мм) пішімді 1 беттен аспауы тиіс, жиектері:
үстінде, сол жақта, төменде – 25 мм; оң жақта – 15 мм.

Қарпі – Times New Roman, биіктігі 12 пт, бір аралық арқылы.

Баяндаманың атауы бас әріптермен жазылады, оның астына авторлардың тегі, аты-жөні және өздері жұмыс істейтін ұйымның атауы, қала мен елдің атауы қоса жазылады.

Баяндамалардың тезистер жинағы конференция қарсаңында басып шығарылады.

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

07 қыркүйек, дүйсенбі – конференцияға қатысушылардың келуі.

08 қыркүйек, сейсенбі – конференцияның ашылуы, отырыстар.

09 қыркүйек, сәрсенбі – отырыстар.

10 қыркүйек, бейсенбі – конференцияның жабылуы, техникалық турлар.

11 қыркүйек, жұма – конференцияға қатысушылардың кері қайтуы.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫ

Конференцияға қатысушылардың ұйымдастыру жарнасы төлем сәтіндегі МБВБ курсы бойынша теңгемен алғандағы 100 АҚШ долларын құрайды.

Ұйымдастыру жарнасының сомасына техникалық қызмет көрсету, конференция тезистерінің жинағын басып шығару, кофе-брейктер мен ресми қабылдаулар, мәдени іс-шаралар мен экскурсиялар ақысы кіргізіледі.

Жарнаны 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның есеп айырысу шоттарына аударуға болады:

қазақстандық теңгемен:

071100, ШҚО, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 2Б
СТН 511800000504, БСН 990240001722, КБе 16
ЖСК KZ826017261000000005, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
БСК HSBKKZKX

АҚШ долларымен:

JSC Halyk Bank
40, Al-Farabi ave., А26М3К5, Almaty, Kazakhstan
Swift code: HSBKKZKX
IBAN KZ216017261000000133

ресейлік рубльмен:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Қазақстан Республикасы
БСК HSBKKZKX  , ЖСК KZ216017261000000036

Ұйымдастыру жарнасын төлеген соң төлем құжатының сканерленген көшірмесін жіберулеріңізді сұраймыз.

Жарнаны сондай-ақ тіркеу кезінде, конференция ашылған күні қолма-қол ақшамен төлеуге де болады.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ БЕРУ

Конференцияға қатысуға өтінім https://sts2020.nnc.kz веб-сайты арқылы беріледі.

Өтінім беру мерзімі 2020 жылғы 25 мамырға дейін.

НЕГІЗГІ КҮНДЕР

20 қаңтар 2020 ж. – онлайн-тіркеудің ашылуы

25 мамыр 2020 ж. – өтінімдерді қабылдауды аяқтау

5 шілде 2020 ж. – тезистерді қабылдауды аяқтау

КОНФЕРЕНЦИЯ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ БАЙЛАНЫС МЕКЕНЖАЙЛАРЫ

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК,
071100, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 2Б

Конференция хатшысы:

Утенкова Наталья              |         тел. +7 (722-51) 3-48-08       |         e-mail:  conf2020@nnc.kz