СЕМЕЙ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫ. РАДИАЦИЯЛЫҚ МҰРА ЖӘНЕ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

Конференция Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында, ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК негізінде өткізіледі., 19 - 24 қыркүйек 2016

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

  1. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
  2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
  3. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы
  4. ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС

Төраға:              Жақсалиев Бақытжан Мұхамбетқалиұлы, 
ҚР Энергетика вице-министрі

Кеңес мүшелері:

Хель-Фабианек Бюркхард (Германия)

Флороу Елена (Греция)

Цицкишвили М.С. (Грузия)

Ху Ксиаолин (Дания)

Данези Пьер (Италия)

Мора Хуан Карлос (Испания)

Апсаликов К.Н. (Қазақстан)

Жантикин Т.М. (Қазақстан)

Залбу Брит (Норвегия)

Жунусова Тамара (Норвегия)

Дубасов Ю.В. (Ресей)

Першуков В.А. (Ресей)

Санжарова Н.И. (Ресей)

Трапезников А.В. (Ресей)

Хопкинс Артур (АҚШ )

Подгорски Душан (Словакия)

Хеккер Зигфрид (АҚШ)

Кашпаров В. (Украина)

Салихбаев У.С. (Өзбекстан)

Хулка Иржи (Чехия)

Фуджи-йе Йочи (Жапония)

Йошинага Шинжи (Жапония)

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Төраға:            Батырбеков Эрлан Ғаділетұлы,
ҚР ҰЯО РМК бас директоры

Төрағаның орынбасары: Лукашенко Сергей Николаевич,
ҚР ҰЯО РМК бас директорының радиоэкология жөніндегі орынбасары, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының басшысы

Комитетінің мүшелері:

Березин С.А.           – ҚР ҰЯО РМК бас директорының орынбасары

Қозтаева Ұ.П.       – ҚР ҰЯО РМК ғалым хатшысы

Утенкова Н.О.      – ҚР ҰЯО РМК жұртшылықпен байланыс жасау бөлімінің бастығы

Айдарханов А.О.   – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы директорының қолданбалы зерттеулер жөніндегі орынбасары

Кадырова Н.Ж.      – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының ғалым хатшысы

Дмитропавленко В.Н.        – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары

Скаков М.К.           – ҚР ҰЯО бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының басшысы

Колодешников А.А.    – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы директорының ядролық технологиялар жөніндегі орынбасары

Вурим А.Д.             – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы директорының сынақтар жөніндегі орынбасары

Пятова З.И.          – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ғылыми-талдамалық ақпарат және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы

Борисенко А.Н.      – «Ядролық технологиялар паркі» АҚ басқарма төрағасы

Чакров П.В.           – ЯФИ РМК бас директорының орынбасары

Донбаев К.М.         – ГЗИ РМК бас директорының дамыту жөніндегі орынбасары

Хатшы:

Серая О.В. – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының ҒТАБ бастығы

КОНФЕРЕНЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ

ТҮРЛІ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАР ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖӘНЕ АПАТТАР БОЛҒАН ЖЕРЛЕРДЕГІ РАДИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ

  1. Радиоактивті ластанған аумақтарды оңалту және жерді ауылшаруашылық айналымына беру.
  2. Ядролық сынақтар өткізілген жерлердегі қазіргі радиоэкологиялық ахуал, оның даму қарқыны мен болжамы.
  3. Түрлі экожүйелердегі радионуклидтредің жылыстау ерекшелігі.
  4. Экологиялық зерттеулердегі радиоаналитикалық әдістер.

ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАДАҒЫ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Қызметкерлер мен тұрғындарға түсетін дозалық жүктемелерді бағалау, есепке алу және бақылау мәселелері.
  2. Жеке дозиметрлік бақылау. Деректерді бағалау, талдау және түсіндіру мәселелері.
  3. Радионуклидтердің ішкі түсуі мен сыртқы сәулелену көздері бойынша қызметкерлер мен тұрғындардың жеке дозиметриясы.
  4. Дозаларды алдын ала шолу жасай отырып бағалау және бақылау үшін аспаптық-әдістемелік қамтамасыз ету.

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫҢ ТАРАЛУ ҚАУПІН ТӨМЕНДЕТУ

  1. Ядролық сынақ полигондарының инфрақұрылымын жою.
  2. Ядролық қаруды сынау салдарын жою.
  3. Ядролық энергетикалық қондырғыларды (ВОУ-НОУ) консервациялау.
  4. Ядролық сынақтарды халықаралық бақылау жүйесін дамыту.

АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ҚАУІПСІЗДІГІН ДАМЫТУ

  1. Зерттеу реакторларын жаңғырту.
  2. Ядролық энергетикалық қондырғылардың қауіпсіздігі.
  3. Ядролық, термоядролық және сутегі энергетикасына арналған материалдарды зерттеу.
  4. РАҚ сақтау және қайта өңдеу.

«Бұрынғы Семей сынақ полигоны: 
таратпау саласындағы Қазақстан, Ресей және АҚШ 
үш жақты өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы» 

тақырыбына дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛЕТІН ОРЫН

Конференция Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында, ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК негізінде өткізіледі.

Негізгі өткізілетін орны – Ұлттық ядролық орталықтың 54-ші корпусы.

Секциялық отырыстардың орналасатын жері қосымша хабарланатын болады.

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ КЕЛУІ 
ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ

Конференцияға қатысушылар seraya@nnc.kzirbe@nnc.kz электронды поштасы немесе 8(722-51) 2-22-44, 8(722-51) 2-34-13 тел/факс арқылы 2016 жылдың 12 қыркүйегіне дейін конференцияның Ұйымдастыру комитетіне авиарейстің (немесе пойыздың) нөмірі мен күнін, Курчатов қаласына жақын әуежай (Семей, Өскемен, Павлодар) немесе т/ж станцияларын (Семей, Өскемен, Павлодар, Дегелең) хабарлауы қажет. Конференцияға келген барлық қатысушыларды әуежайда, т/ж сапаржайында күтіп алып, қонақ үйлерге жеткізілетін болады. Хатшылық сіздерге нөмірді брондауға көмектеседі. Ұйымдастыру комитеті келетіні жайлы ақпарат ұсынбаған қатысушыларды күтіп алуға және қонақүйге орналастыруға кепілдік бермейді. Сонымен қатар, сіздерден қайтар билет жайлы дер кезінде ойластырып, Ұйымдастыру комитетінің хатшылығына қайтар жолыңыз жайлы хабарлауыңызды сұраймыз. Қатысушыларды төмендегі қонақүйлерге орналастыру жоспарланған:

«Маяк» қонақ үйі ......................   8 500 – 18 000 теңге

ҰЯО коттеджі.......................... 27 000 – 50 000 теңге

Олимпийская, 34........................   3 500 –   6 000 теңге

ВИЗАЛЫҚ ҚОЛДАУ

Конференцияға қатысушылар мен оларға ілесіп жүретін адамдар визалық қолдауды қажет етсе, 2016 жылдың 1 тамызынан кешіктірмей Конференция хатшылығына seraya@nnc.kz электронды поштасымен немесе 8(72251) 2-22-44 факсімен келесі ақпаратты хабарлауы тиіс:

1)  Төлқұжаттың көшірмесі

2)  Жұмыс орны, атқаратын лауазымы

3)  Тұрғылықты мекенжайы

4)  Сіздің еліңіздегі виза алатын орын

5)  Визаның ұзақтығы

6)  Сіз баруға ниеттенген Қазақстан Республикасы қалаларының тізімі.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖАРНАСЫ

Конференцияға қатысушылардың ұйымдастырушылық жарнасы Қазақстан мен ТМД елдерінің өкілдеріне – 50 АҚШ доллары, басқа елдің өкілдеріне – 250 АҚШ доллары, төлем сәтіндегі МБВБ курсы бойынша теңге түрінде.

Ұйымдастырушылық жарнаның құнына техникалық қызмет көрсету, конференция тезистерінің жинағы, кофе-брейктер мен ресми қабылдаулар, мәдени бағдарлама мен экскурсиялар ақысы енеді. Ұйымдастырушылық жарналар тіркеу кезінде қолма-қол төленеді немесе 2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейін төмендегі есеп-шоттар бойынша ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалына аударылады:

071100, ШҚО, Курчатов қ., Красноармейская көшесі, 2,
БСН 130441025754, ОКПО 389067080003, Кбе 16.

ТЕҢГЕ    –         «Казкоммерцбанк» АҚ, ЖСК К2169260301168158000,
БСК КZKOКZКХ

    USD  –  КZ869260301168158001, Каzkоmmertsbanк, Каzакһstаn, 
SWІҒТ codе: КZKOКZКХ

Bank of New York Mellon, NY, USA, 
SWIFT code: IRVT US 3N, Acc. 890-0223-057

    EUR –  KZ329260301168158003, Kazkommertsbank, Kazakhstan, 
SWIFT code: KZKOKZKX

Commertsbank AG, Germany, SWIFT code: COBA DE FF, 
Acc. 400/8866048/01EUR

    RUR –  КZ59926030І168158002, «Казкоммерцбанк» АҚ, Қазақстан, 
БИК КZKOКZКХ, к/с 30111810400000000059

ПАО СБЕРБАНК РОССИИ, Москва, Россия
БИК 044525225, к/с 30101810400000000225

ЭКСКУРСИЯЛАР ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМА

Конференция бағдарламасында концерттік бағдарлама, сондай-ақ бұрынғы Семей сынақ полигоны мұражайын аралау, полигон аумағында орналасқан «Тәжірибе алаңы», «Атом көлі» объектілеріне, Токамак, ИГР және ИВГ.1М реакторларына экскурсия жасау көзделген..

АУА РАЙЫ

Курчатов қаласында қыркүйектің аяғында әдетте ауа райы жылы және шуақты. Ауа температурасы күндіз +22 °С, түнде +15-20 °С.

Көбірек – http://www.gismeteo.kz/city/daily/57737/

ҚАТЫСУШЫЛАРҒА МӘЛІМЕТ РЕТІНДЕ

Бірінші күнгі пленарлық отырыстағы баяндамалардың ұзақтығы 20-30 минут, екінші және үшінші күндері 15-20 минут, оның ішіне сауалдар да кіреді. Үшінші күні стендтік баяндамалар сессиясы жоспарланған. Стендтік баяндаманың көлемі А1 форматында 1-2 бет. Стендтік сессияның ұзақтығы жарты күн.

Конференцияның ресми тілдері ағылшын және орыс тілдері болып табылады; баяндамалар синхронды аудармамен қамтамасыз етіледі.

Сапалы синхронды аудармамен қамтамасыз етілуі үшін баяндамашылар Курчатов қаласына келген сәтте немесе алдын ала электронды пошта арқылы Ұйымдастыру комитетіне өз баяндамаларының мәтінін жіберуі қажет. Конференцияда 2 экран орнату жоспарланған, сол себепті өзіңізбен бірге ағылшын және орыс тіліндегі презентацияңыз болғаны жөн.

Конференция аяқталған соң, конференциядағы еңбектерді жариялау жоспарланған. Баяндамалар жинағы электронды форматта жарияланып, www.nnc.kz және www.irse.kz сайттарында орналастырылады.

Баяндамалардың толық мәтіні (орысша немесе ағылшынша нұсқалары) Конференция хатшылығының мекенжайына 2016 жылдың 31 қазанына дейін электронды көшірме түрінде (е-mаіl: seraya@nnc.kz қосымша файл түрінде немесе Wоrd форматындағы дискіде) жіберілуі тиіс. Өтінеміз, биіктігі 12 тармақтағы Тіmеs New Roman шрифтін қолданыңыз.

Пленарлық баяндама мәтінінің көлемі А4 (210×297 мм) форматындағы 10 беттен, қалған баяндамалар 6 беттен аспауы тиіс; жиегі: үстінде – 25 мм; сол жақта – 25 мм; төменде – 25 мм; оң жақта – 15 мм.

Баяндаманың атауы бас әріптермен жазылады. Атаудан кейін 2 аралықты өткізіп, авторлардың тегі, аты-жөні және ол таныстыратын ұйымның атауы, қала мен елдің атауы қоса жазылады. Одан кейін, 2 аралықты өткізіп, баяндаманың мәтіні 1 аралық сайын жазылады. Баяндама мәтініне иллюстрациялар, кестелер және әдебиеттер тізімін қосқан жөн.

НЕГІЗГІ КҮНДЕР

20 маусым 2016 ж. –  конференциянға қатысу өтінімдерін және баяндамалардың тақырыптарын  қабылдауды аяқтау.

18 шілде 2016 ж.     –  тезистерді қабылдауды аяқтау.

31 қазан 2016 ж.     –  баяндамаларды электронды түрде басуға қабылдауды аяқтау.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

19-20 қыркүйек 2016 ж. (дүйсенбі-сейсенбі)

  • Конференцияға қатысушылардың келуі және оларды тіркеу

21 қыркүйек 2016 ж. (сәрсенбі)

  • Қатысушыларды тіркеу................................... 09.00 – 10.00
  • Конференцияның ашылуы............................... 10.00 – 10.15
  • Пленарлық отырыс.......................................... 10.15 – 13.00
  • Түскі ас............................................................. 13.00 – 14.30
  • Пленарлық отырыс.......................................... 14.30 – 17.30
  • «Бұрынғы Семей сынақ полигоны: 
    таратпау саласындағы Қазақстан, Ресей және АҚШ 
    үш жақты өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы»
     тақырыбандағы дөңгелек үстел
  • Ресми қабылдау................................................ 19.00

22 қыркүйек 2016 ж. (бейсенбі)

  • Секциялық отырыс........................................... 09.30 – 13.00
  • Түскі ас............................................................. 13.00 – 14.30
  • Секциялық отырыс........................................... 14.30 – 17.30
  • Мәдени бағдарлама.......................................... 19.00

23 қыркүйек 2016 ж. (жұма)

  • Техникалық турлар.......................................... 09.00 – 16.00
  • Секциялық отырыс........................................... 09.30 – 13.00
  • Түскі ас............................................................. 13.00 – 14.30
  • Стендтік баяндамалар ..................................... 14.30 – 16.30
  • Конференцияның жабылуы. Конференция 
    жұмысының қорытындысын жасау................. 16.30 – 17.30
  • Ресми қабылдау................................................ 19.00

24-25 қыркүйек 2016 ж. (сенбі-жексенбі)

  • Конференцияға қатысушылардың кері қайтуы

КОНФЕРЕНЦИЯ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ БАЙЛАНЫС МЕКЕНЖАЙЫ

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК 
«Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы, 

071100, Қазақстан Республикасы, ШҚО, 
Курчатов қ., Красноармейская көшесі, 2

Конференция хатшысы: Серая Ольга Вениаминовна
Тел/факс: 8(722-51) 2-22-44; 2-34-13
Факс: 8(722-51) 2-22-44
E-mail: seraya@nnc.kz
http://www.irse.kz