X ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ Семей сынақ полигоны: мұрасы және ғылыми-техникалық әлеуетінің даму келешегі

Курчатов қ., Қазақстан Республикасы, 12 - 14 қыркүйек 2023

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

  • Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
  • «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК филиалдарымен:
    • «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы
    • «Атом энергиясы институты» филиалы
    • «Геофизикалық зерттеу институты» филиалы
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
  • «Ядролық физика институты» РМК
  • «Ядролық технологиялар паркі» АҚ
  • Қазақстандық физикалық қоғам
  • «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Төраға:

Батырбеков Эрлан Ғаділетұлы – ҚР ҰЯО РМК бас директоры

Төрағаның орынбасары:

Витюк В. А. – ҚР ҰЯО РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

Березин С. А.  ҚР ҰЯО РМК бас директорының орынбасары, ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының басшысы

Сахиев С. Қ. – ЯФИ РМК бас директоры

Борисенко А. Н. – «Ядролық технологиялар паркі» АҚ басқарма төрағасы

Тәжібаева И. Л. – «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының басқарма төрағасы

Локштанов С. С. – ҚР ҰЯО РМК бас инженері

Бакланов В. В. – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы директорының бірінші орынбасары

Айдарханов А. О. – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының директоры

Михайлова Н. Н. – ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалы директорының орынбасары

Мұқышева М. Қ. – Астана қ. ҚР ҰЯО РМК бөлімшесінің директоры

Ерыгина Л.А. – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ғалым хатшысы

Ларионова Н.В. – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының ғалым хатшысы

Утенкова Н. О. – ҚР ҰЯО РМК ғылыми-талдамалық ақпарат және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС

Сәтқалиев А.М.
(Қазақстан)
Рахими Ф.
(Тәжікстан)
Hulka J.
(Чехия)
Ғабдуллин М. Т.
(Қазақстан)
Родин И.Ю.
(Ресей)
Koguchi M.
(Жапония)
Гарибов А. А.
(Әзірбайжан)
Санжарова Н.И.
(Ресей)
Mackey K.
(
АҚШ)
Жантикин Т. М.
(Қазақстан)
Спасский Н.Н.
(Ресей)
Meral Ö.
(Австрия)
Зайцев П. А.
(Ресей)
Тухватуллин Ш.Т.
(Ресей)
Мerola М.
(Франция)
Ибраев Б. М.
(Қазақстан)
Черепнин Ю.С.
(Ресей)
Salbu B.
(Норвегия)
Ильющенко А. Ф.
(Беларусь)
Школьник В.С.
(Қазақстан)
Stevens J.
(АҚШ)
Кәдіржанов Қ. К.
(Қазақстан)
Юлдашев Б.С.
(Өзбекстан)
Stohr P.
(Франция)
Карпенко Е. И.
(Ресей)
Akehashi K.
(Жапония)
Taiwo T.
(АҚШ)
Киевицкая А. И.
(Беларусь)
Bolshinsky I. M.
(АҚШ)
Usui H.
(Жапония)
Қожамқұлов Т. А.
(Қазақстан)
Florou H.
(Греция)
Wieleba W.
(Польша)
Копничев Ю. Ф.
(Ресей)
Hecker S.
(АҚШ)
Yusan S.
(
Түркия)
Мұқанов Е. Ж.
(Қазақстан)
Hou X.
(Дания)
 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ

Конференция Қазақстан Республикасы Абай облысының Курчатов қаласында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының негізінде өткізіледі. Конференция бағдарламасында Семей сынақ полигонының (ССП) «Тәжірибе алаңы» мен «Атом көлін», эксперименттік кешендерін (ИГР және ИВГ.1М зерттеу реакторлары, КТМ материалтану токамагы және т.б.), ССП тарихының экспозициялық залын аралау көзделген. Конференция бетпе-бет форматта өтеді.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС ТІЛДЕРІ

Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді.

КОНФЕРЕНЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ

1. АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТАЛЫСЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

  • Атом энергетикасының қауіпсіздігі
  • Радиациялық материалтану және қатты дене физикасы
  • ПЯО және РАҚ-пен жұмыс істеу

2. СУТЕГІ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ЖӘНЕ БАСҚАРЫЛАТЫН ТЕРМОЯДРОЛЫҚ СИНТЕЗДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

  • Басқарылатын термоядролық синтез: қондырғылар және зерттеулер
  • Сутегіні алу және пайдалану технологиялары
  • Термоядролық және сутегі энергетикасының материалдары

3. РАДИАЦИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

  • Радиоэкологиялық зерттеулер және адам мен экожүйелерге төнетін қауіп-қатерді бағалау
  • Бұрынғы сынақ полигондары мен басқа да радиациялық қауіпті объектілерді мониторингілеу
  • Техногендік радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарды ремедиациялау
  • Өнеркәсіп пен медицинадағы ядролық және радиациялық технологиялар

4. ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫ ТАРАТПАУ РЕЖИМІН НЫҒАЙТУ  

  • Ядролық қару инфрақұрылымын және сынақтардың салдарын жою
  • Ядролық қаруды таратпау режимін қолдау және нығайту, азаматтық секторда жоғары байытылған уранды пайдалануды барынша азайту
  • Ядролық сынақтарды және олардың салдарын геофизикалық әдістермен мониторингілеу
  • ЯСЖТШ-ның орындалуын бақылау режимінің әлеуетін арттыруға арналған ССП аумағы

БАЯНДАМАЛАРДЫҢ ТЕЗИСТЕРІ

Баяндамалардың тезистері электронды түрде conf2023@nnc.kz e-mail-іне 2023 жылғы 7 тамызға дейін жіберілуі тиіс.

Тезистердің көлемі – А4 (210×297 мм) пішімді 1 беттен аспауы тиіс, жиектері:
үстінде, сол жақта, төменде – 25 мм; оң жақта – 15 мм.

Қарпі – Times New Roman, биіктігі 12 пт, бір аралық арқылы.

Баяндаманың атауы бас әріптермен жазылады, оның астына авторлардың тегі, аты-жөні және өздері жұмыс істейтін ұйымның атауы, қала мен елдің атауы қоса жазылады.

Баяндамалардың тезистер жинағы конференция қарсаңында басып шығарылады.

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

11 қыркүйек, дүйсенбі – конференцияға қатысушылардың келуі.

12 қыркүйек, сейсенбі – конференцияның ашылуы, отырыстар.

13 қыркүйек, сәрсенбі – отырыстар.

14 қыркүйек, бейсенбі – конференцияның жабылуы, техникалық турлар.

15 қыркүйек, жұма – конференцияға қатысушылардың кері қайтуы.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫ

Конференцияға қатысушылардың стандарт ұйымдастыру жарнасы төлем сәтіндегі МБВБ курсы бойынша теңгемен алғандағы 100 АҚШ долларын құрайды.

Жарнаны 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның есеп айырысу шоттарына аударуға болады:

қазақстандық теңгемен:

071100, Абай облысы, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 2Б
СТН 511800000504, БСН 990240001722, КБе 16
ЖСК KZ826017261000000005, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
БСК HSBKKZKX

АҚШ долларымен:

JSC Halyk Bank
40, Al-Farabi ave., А26М3К5, Almaty, Kazakhstan
Swift code: HSBKKZKX
IBAN KZ216017261000000133

ресейлік рубльмен:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Қазақстан Республикасы
БСК HSBKKZKX  , ЖСК KZ216017261000000036

Ұйымдастыру жарнасын төлеген соң төлем құжатының сканерленген көшірмесін жіберулеріңізді сұраймыз.

Жарнаны сондай-ақ тіркеу кезінде, конференция ашылған күні қолма-қол ақшамен төлеуге де болады.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ БЕРУ

Конференцияға қатысуға өтінім https://sts2023.nnc.kz веб-сайты арқылы беріледі.

Өтінім беру мерзімі 2023 жылғы 01 шілдеге дейін.

НЕГІЗГІ КҮНДЕР

01 наурыз 2023 ж. – онлайн-тіркеудің ашылуы

01 шілде 2023 ж. – өтінімдерді қабылдауды аяқтау

07 тамыз 2023 ж. – тезистерді қабылдауды аяқтау

КОНФЕРЕНЦИЯ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ БАЙЛАНЫС МЕКЕНЖАЙЛАРЫ

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК,
071100, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 2Б

Конференция хатшысы:

Утенкова Наталья | тел. +7 (722-51) 3-33-14 | e-mail:  conf2023@nnc.kz