Кооперацияның мақсаты ядролық технологияларды бейбіт пайдалануға бет алу Азиядағы Ядролық кооперацияның халықаралық конференциясы (ICNCA) Азияның көршілес мемлекеттері арасындағы ядролық энергия саласының тиімді кооперациясын қамтамасыз ету мақсатында Атом энергиясы жөніндегі комиссиямен 1990 жылғы мамырда шақырылды. Осы кезден бастап Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі комиссиясы ICNCA бірнеше рет шақырды, онда министрлер атом энергиясының дамуы мен пайдаланылуы туралы ақпарат алып отырды. Аймақтық кооперация проблемаларына қатысты ашық көзқарас алмаса отырып, кооперацияның жекелеген проблемалары бойынша іс жүзінде алға қадам басты. 1999 жылы өткен Азиядағы ядролық кооперацияның 10-шы Халықаралық конференциясында (жобалардың көшбасшылары жүйесі мен үйлестірушілерді қоса алғанда) ынтымақтастық саласындағы неғұрлым тиімді ұйымдастыру мен жеделдету мақсатындағы «Азиядағы ядролық кооперация форумы» жаңа нысан туралы келісіміне қол жеткізілді. Бұл құрылым шеңберінде ақпарат және көзқарас алмасу төмендегі салаларда жүргізілді: 1. радиацияны пайдалануды дамыту (өнеркәсіпте пайдалану/экология және медицина), 2. Зерттеу реакторларын пайдалануды дамыту. 3. Ядролық қауіпсіздік. 4. Ядролық инфрақұрылымды дамыту.
Ынтымақтастық негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі:
1990 жылғы наурыз Азиядағы Ядролық кооперация жөніндегі (ICNCA) 1-ші Халықаралық конференция Жапонияның Атом энергетикасы жөніндегі комиссиясы негізінде Токиода өтті. Осы уақыттан бастап бұл конференция жыл сайын Токиода өткізіліп келеді.