ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ КЕЛІСІМ

1. Жалпы ережелер

1.1 «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген осы пайдаланушылық келісім (бұдан әрі – Келісім) дербес деректер субъектісі (бұдан әрі – Пайдаланушы) мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҚР ҰЯО РМК) арасындағы өзара қарым-қатынасты регламенттейді.

1.2. Осы Келісім жария оферта болып табылады. ҚР ҰЯО РМК-ның https://www.nnc.kz/ сайтындағы (бұдан әрі – Сайт) материалдарға және оның компоненттеріне қол жеткізе отырып, Пайдаланушы қосылған және осы Келісімнің барлық талаптарын қабылдаған болып есептеледі.

1.3. Осы Келісімге қол қоя отырып, Пайдаланушы өзінің дербес деректерін және Пайдаланушы сайтта ұсынған өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге және пайдалануға келісім береді.

1.4. Пайдаланушы жинауға және өңдеуге келісім беретін дербес деректерге мыналар жатады:

тегі;

аты;

әкесінің аты (бар болған жағдайда);

байланыс ақпараты: ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық пошта адресі, тұрғылықты жері;

жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі немесе атағы.

1.5. Келісім дербес деректерді жинауды және өңдеуді тоқтату туралы талаппен ҚР ҰЯО РМК хабарламасы арқылы кері қайтарып алынуы мүмкін.

1.6. ҚР ҰЯО РМК кез келген уақытта осы Келісімнің талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Мұндай өзгерістер Келісімнің жаңа нұсқасы сайтқа орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) күн өткен соң, Келісімнің алдыңғы нұсқасының күшін бір мезгілде жоғалта отырып күшіне енеді.

 

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

2.1. ҚР ҰЯО РМК:

2.1.1. Қажет болған жағдайда Пайдаланушының енгізілген деректерінің, соның ішінде мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға жүгіну жолымен енгізілген деректерінің дұрыстығын тексеруге;

2.1.2. Пайдаланушы осы Келісімнің талаптарын бұзған жағдайда Пайдаланушыны тіркеуден бас тартуға, Пайдаланушының есептік жазбасын жоюға немесе бұғаттауға;

2.1.3. ҚР ҰЯО РМК пайдаланушының электрондық адресіне хабарлама жіберуге құқылы.

 

2.2. Пайдаланушы:

2.2.1. ҚР ҰЯО РМК-дан сайтты және оның компоненттерін пайдалану бөлігінде «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген телефондар арқылы консультациялық және практикалық көмек алуға құқылы.

 

2.3. ҚР ҰЯО РМК:

2.3.1. Пайдаланушының немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз немесе өзге де заңды негіздің болуы арқылы Пайдаланушының дербес деректерінің жария етілуіне жол бермеу жолымен олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

2.3.2. Сайттың және оның компоненттерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.

 

2.4. Пайдаланушы:

2.4.1. ҚР ҰЯО РМК-ға Сайтта тіркеу нысанында немесе оның компоненттерін пайдалану кезінде ұсынылатын тармақтар бойынша нақты және толық ақпаратты беруге;

2.4.2. Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе халықаралық құқық нормаларын, соның ішінде зияткерлік меншік, авторлық және/немесе сабақтас құқықтар саласында бұзатын ретінде қаралуы мүмкін іс-әрекеттерді, сондай-ақ Сайттың және оның компоненттерінің қалыпты жұмысының бұзылуына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін кез келген іс-әрекетті қолданбауға;

2.4.3. Сайттағы және оның компоненттеріндегі Пайдаланушының түсініктемелері мен өзге де жазбаларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және жалпыға бірдей қабылданған мораль мен адамгершілік нормаларына қайшы келуіне жол бермеуге;

2.4.4. Сайтта жұмыс істеу кезінде өзін басқа адам ретінде көрсетпеуге, вирустар немесе басқа да зиянды бағдарламалық жасақтама бар материалдарды пайдаланбауға;

2.4.5. Сайтты және Сайтта алынған ақпаратты терроризм, экстремизм, ұлтаралық алауыздықты қоздыру мақсатында және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған өзге де мақсаттарда пайдаланбауға міндетті.

 

3. Тараптардың жауапкершілігі

3.1. Келісімнің тараптарының барлығына немесе біреуіне зиян келтіруге алып келген осы Келісімнің талаптары бұзылған жағдайда кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

3.2. ҚР ҰЯО РМК Сайттың және оның компоненттерінің жұмысында ҚР ҰЯО РМК-ға тәуелсіз себептер бойынша немесе Сайт пен оның компоненттеріне қызмет көрсету бойынша жоспарлы немесе жоспардан тыс іс-шаралар жүргізілген жағдайда туындаған уақытша техникалық іркілістер мен үзілістер үшін жауапты болмайды.

3.3. ҚР ҰЯО РМК байланыс желілерінің жұмысындағы уақытша іркілістер мен үзілістер, өзге де ұқсас іркілістер, сондай-ақ Пайдаланушы сайтқа және оның компоненттеріне кіруді жүзеге асыратын компьютердің, мобильді байланыс құрылғысының ақаулары үшін жауапты болмайды.

3.4. ҚР ҰЯО РМК басқа Пайдаланушылардың әрекеттері үшін Пайдаланушы алдында жауап бермейді.

3.5. ҚР ҰЯО РМК:

3.5.1. Пайдаланушылардың Сайтты және оның компоненттерін пайдалануы немесе пайдалануы мүмкін еместігі;

3.5.2. Келісім талаптарын ҚР ҰЯО РМК-ның өзгертуі

салдарынан туындайтын жіберіп алған пайданы, пайдаланудан келтірілген залалды, деректердің жоғалуын немесе басқа да материалдық емес шығындарды, беделге нұқсан келтіруді және өзге де залалды қоса алғанда, кез келген тікелей, жанама залал үшін жауапты болмайды.

3.6. Пайдаланушы сайтта және оның компоненттерінде тіркелу кезінде ұсынылатын деректердің дұрыстығы, сондай-ақ Сайтты пайдалану процесінде деректерді уақтылы жаңартпағаны және түзетпегені үшін толық жауапкершілік атқарады.

3.7. Пайдаланушы өзі туралы анық емес мәліметтерді ұсыну нәтижесінде, сондай-ақ Сайтта және оның компоненттерінде тіркелуге және оның компоненттерін пайдалануға байланысты өз деректерін үшінші адамдарға бергені үшін туындаған барлық тәуекелдер мен ықтимал залалды өзіне алады.

 

4. Өзге де ережелер

4.1. Осы Келісімнен туындайтын немесе онымен байланысты барлық ықтимал даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.

4.2. Осы Келісім Пайдаланушының Келісім мәтінінің астына орналастырылған «Мен пайдаланушылық келісімнің талаптарын оқыдым және келісемін» деген веб-интерфейсті басқару элементін басуы арқылы олардың талаптарымен келіскенін білдіру жолымен күшіне енеді.