EAGLE жобасы


EAGLE-1 жобасының шегінде ҚР ҰЯО эксперименттік базасында натрий жылу тасығышты шапшаң нейтрондардағы перспективалы реактордың активті аймағының конструкциясын негіздеуде реактордан тыс және реакторішілік эксперименттер жүргізуге дайындалу және өткізу аяқталды. Зерттеулердің негізгі мақсаты натрий жылу тасығышты шапшаң нейтрондардағы реактордың активті аймағының отыны балқуынан болған ауыр апат кезінде отынның сындық конфигурациясының қайта туындауын болдырмайтын техникалық құралдардың жұмысқа қабілеттігін растау болып табылады. Зерттеулер ҚР ҰЯО және жапондық JAPC және JAEA ұйымдарымен бірлесіп жүргізілуде.

Отынның балқуынан болатын апатты модельдейтін эксперименттерде балқыманың активті аймақтан ЖБЖ-ға орнатылған ішкі құбырлармен бағытты жылжу мүмкіндігі зерттелді, нәтижесінде активті аймақта балқыған отынның ықшам алабының түзілуіне, сонымен бірге оның сындық конфигурациясының қалыптасуына жол берілмейді. Қазіргі уақытта эксперименттердің нәтижелерін өңдеу және талдау жалғастырылуда. Осылайша, реакторлық эксперименттер жүргізу үшін модельдеу өлшемдерін нақтылауда және эксперименттік арнаның оңтайлы конструкциясын әзірлеуде қолданылатын теңдессіз эксперименттік деректерге қол жеткізілді деуге болады.