ИГР реакторы


Әлемдегі ең көне зерттеу реакторларының бірі - ИГР реакторы бүгінгі күннің өзінде қуат өлшеу қарқынының жоғарылығымен ерекшеленетін нейтрондық және гамма-сәулеленудің бірегей көзі болып табылады.

Панорама

ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында реакторлық техниканың қарқынды дамуы реактивтілікті көп мөлшерде енгізген кезде реактордың активті аймағында туындайтын стационарлық емес физикалық процестерді экспериментті түрде зерттеуге арналған импульстік реактор құрудың алғышарты болды.

ИГР реакторының тарихы КОКП ОК мен КСРО МК 1958 жылғы 13 мамырдағы № 518-246 қаулысынан басталады, осы қаулыға сәйкес «Қорғаныс министрлігінің №905 объектісінде (Семей ядролық полигоны) жоғары температуралы гомогендік графит реакторының эксперименттік қондырғысын салу» көзделді.

ИГР реакторының ең қысқа уақытта салынуы 1961 жылдың өзінде импульстік реакторлардың динамикасын экспериментті түрде зерттеуге, ал 1962 жылдан бастап перспективалы реактор қондырғыларының отындық және конструкциялық материалдарының жай-күйін, соның ішінде ЯРД - ядролық ракета қозғалтқышын зерттеуге кірісуге мүмкіндік берді.

Техникалық сипаттамалары

Нейтрондар ағынының ең жоғары (max) тығыздығы 7×1016 н/см2c
Жылу нейтрондарының ең жоғары (max) флюенсі 3,7×1016 н/см2
Импульстің ең аз (min) жартылай ені 0,12 c

ИГР зерттеу реакторы - жылусыйымдылық типтес гомогенді уран-графиттік активті аймағы бар жылу нейтрондарындағы импульстік реактор. Графиттің жоғары жылусыйымдылығы активті аймақтағы реактордың жұмысы барысында бөлінетін жылуды мәжбүрлі түсіру жүйесінсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жылу тасығыштың әдеттегі контурының болмауы реактордағы радиациялық апат қаупін айтарлықтай төмендетеді. ИГР реакторының ядролық қауіпсіздігі БҚЖ өзектерін шығарып алу арқылы оң реактивтілікті енгізумен басталатын кез-келген ықтимал қуат импульсін кепілді сөндіруді қамтамасыз ететін реактивтіліктің айтарлықтай шамадағы кері коэффициентімен шартты.

Импульстік реакторлардың арасында ИГР реакторы диаметрі 228 мм және биіктігі 3825 мм болатын эксперименттік қуыстағы жылу нейтрондарының ең жоғарғы флюенсіне және гамма-сәулеленудің біріккен дозасына ие.