ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХХ конференция-конкурсы

Курчатов қ., ШҚО, Қазақстан Республикасы, 06 - 08 қазан 2021

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны


ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Ғ. Батырбековтің 29.06.2021 ж. № 155 бұйрығын орындау үшін Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК негізінде 2021 жылғы 6-8 қазан аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары мен мамандарының ХХ конференция-конкурсы өткізіледі. ҚР ҰЯО РМК ұйымдастыру комитеті және Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі ҚР ҰЯО РМК филиалдарының, сондай-ақ ЯФИ РМК-ның 35 жасқа дейінгі қызметкерлерін ҚР ҰЯО РМК қызметінің тақырыбы бойынша жұмыстармен (іргелі, қолданбалы, инженерлік-техникалық) конференция-конкурсқа қатысуға шақырады.

АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ

«ҚР ҰЯО жаршысы», «Адам. Энергия. Атом» журналдары

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

5 қазан, сейсенбі – келу күні.

6 қазан, сәрсенбі – тіркелу, ашылу күні, конкурсанттардың баяндамалары

7 қазан, бейсенбі – конкурсанттардың баяндамалары

8 қазан, жұма – конкурстың аяқталуы, экскурсиялар

9 қазан, сенбі – кері қайту күні

Ескертпе: COVID-19-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты конференция онлайн режимде өткізілуі мүмкін.

МАҢЫЗДЫ МЕРЗІМДЕР

5 тамыз – конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау

6 қыркүйек (сағат 18-ге дейін) – конкурстық жұмыстарды қабылдау

10 сентября – конкурсқа жіберу туралы шешім және жеребе тастау  

20 сентября – екінші ақпараттық хабарламаны шығару

10 ноября – «ҚР ҰЯО жаршысы» журналында жариялауға ұсынылған мақалаларды қабылдау

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Төраға:

Қабдырақова Алуа Мырзағазықызы, ҚР ҰЯО РМК бюджеттік бағдарламалар және кадрлар даярлау бөлімінің бастығы

Хатшы:

Буданова Гүлмира Омарбекқызы – ҚР ҰЯО РМК бюджеттік бағдарламалар және кадрлар даярлау бөлімінің маманы

 

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

Утенкова Наталья Олеговна, ҚР ҰЯО РМК ғылыми-талдамалық ақпарат және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы;

Кошненко Наталья Викторовна, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ғылыми-талдамалық ақпарат және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы;

Юрьева Татьяна Николаевна, ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының ғылыми бағдарламаларды сүйемелдеу жөніндегі маманы;

Әбішева Мария Төлеуханқызы, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының оқу-ақпараттық орталығының басшысы;

Бекбаев Асхат Каусович, PhD, ЯФИ РМК ғалым хатшысы;

Бекмолдин Мақсат Қуатбекұлы, ЖҒМК төрағасының орынбасары, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының эксперименттік жылуфизика зертханасы тобының бастығы.

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Төраға:

Витюк Владимир Анатольевич, PhD, ҚР ҰЯО РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары

 

Төрағаның орынбасары:

Сқақов Мәжін Қанапияұлы, ф.-м.ғ.д., ҚР ҰЯО РМК бас ғылыми қызметкері

 

Қазылар алқасының хатшысы:

Баранов Сергей Александрович, б.ғ.к., ҚР ҰЯО РМК бюджеттік бағдарламалар және кадрлар даярлау бөлімінің бас маманы

 

Қазылар алқасының мүшелері:

Омаров Мұрат Алпысбайұлы

– х.ғ.к., ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы директорының орынбасары;

Паницкий Андрей Васильевич

– PhD, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің бастығы;

Вурим Александр Давидович

– ф-м.ғ.к., ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ядролық технологиялар жөніндегі бас маманы;

Игібаев Ұлан Аманұлы

– т.ғ.м., ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының кешенді геофизикалық зерттеулер бөлімінің бастығы;

Смирнов Александр Александрович

– PhD, ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығы директорының орынбасары;

Сапатаев Ержан Ернатұлы

– PhD, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының радиациялық материалтану зертханасының бастығы;

Жансейітов Данияр Маралұлы

PhD, ЯФИ РМК бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары;

Миниязов Арман Жанарбекұлы

– ЖҒМК төрағасы, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының материалдарды термоядролық реактор жағдайында сынау зертханасының бастығы.

 

ӨТІНІМДЕРДІ, ЖҰМЫСТАРДЫ, МАҚАЛАЛАРДЫ ҰСЫНУ

Өтінім нысаны ҚР ҰЯО РМК веб-сайтында (Өтінім нысаны) «Конференциялар» бөлімінде орналастырылған. Өтінімдер мен конкурстық жұмыстар ұйымдастыру комитетінің хатшысына оның төмендегі мүшелері арқылы ұсынылады:

Кошненко Наталья Викторовна (АЭИ филиалы), тел: +7 (72251) 3-46-95, +7(72251) 9 44-72,

 e-mail:  Koshnenko_N@nnc.kz;

Бекбаев Асхат Кәуісұлы (ЯФИ РМК), тел. +7(727)386-62-51 (ішкі 321),

e-mail: a.bekbayev@inp.kz

Әбішева Мария Төлеуханқызы (РҚЭИ филиалы), тел.: +7 (72251) 3-30-12, 3-34-13 (ішкі 241),

e-mail: abisheva@nnc.kz

Юрьева Татьяна Николаевна (ГЗИ филиалы), тел.: +7 (722-51) 3-37-42, 3-47-77 (ішкі 137),

 e-mail:   yuryeva@igr.kz

Буданова Гүлмира Омарбекқызы (ҚР ҰЯО РМК), тел.: +7 (72251) 3-33-33 (ішкі 430),

 e-mail: budanova@nnc.kz

 

«ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының жыл сайынғы ҒЗТКЖ конференция-конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы ережесінен»:

(Ережеге сілтеме… )

Конкурсқа маманның немесе мамандар тобының (4 автордан аспайтын) өздігінен жүргізген зерттеулері болып табылатын бірегей ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (соңғы 2 жылда ғылыми мақалалар, конференциялардағы баяндамалар және есептер түрінде жарияланған) қатыстырылады.

Жұмыстар конкурсқа ҒТК және Институттардың ғылыми кеңестерінің шешімімен ұсынылады.

Конкурсқа қатысушылар конференция-конкурс басталғанға дейін кемінде 1 ай бұрын МЕМСТ 7.32-2017-ге сәйкес ресімделген жұмысты қазылар алқасының хатшысына ұсынады.

Конкурстық жұмыстар 2 нұсқада – электрондық және қағаз нұсқада, ҒТК ұсынымымен бірге тапсырылады.

«ҚР ҰЯО жаршысы» журналында жарияланатын баяндамалар бойынша мақалалар журналда және https://journals.nnc.kz/jour/about/submissions#authorGuidelines сайтында көрсетілген ресімдеу талаптарын сақтай отырып дайындалады.

 

БАЙЛАНЫС МЕКЕНЖАЙЛАРЫ

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК

071100, ШҚО, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 2Б, 313-кабинет

Қабдырақова А.М.  kabdyrakova@nnc.kz 

Буданова Г.О.  budanova@nnc.kz