Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Конкурсқа қабылданған жұмыстардың жалпы саны – 31, оның ішінде: РҚЭИ – 9, АЭИ – 16, ЯФИ – 1, ГЗИ – 3, конкурстан тыс – 2 (іргелі жұмыстар – 2, инженерлік-техникалық – 5, қолданбалы – 24).
Баяндамашының сөз сөйлеу регламенті (сұрақтар мен жауаптарды ескере отырып) – 20 мин.
Конференция-конкурстың жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері.
6 қазан, сәрсенбі – ашылуы, конкурсқа қатысушылардың баяндамалары
7 қазан, бейсенбі – конкурсқа қатысушылардың баяндамалары
8 қазан, жұма – конкурстың аяқталуы, қорытынды шығару, марапаттау
10 қараша – «ҚР ҰЯО жаршысы» журналында жариялау үшін жұмыстарды тапсыру мерзімі (журнал талаптарына сәйкес)
Өзектілігі, практикалық құндылығы (жұмыс арналған проблема үшін маңыздылығы), деңгейі - ғылыми, инженерлік, нәтижелердің жаңалығы, жұмыстың аяқталу дәрежесі, конкурсқа қатысушының жеке үлесі, баяндау стилі және материалды меңгеру деңгейі.
Бағыттардың ерекшелігін ескере отырып бағалаудың қосымша критерийлері:
Жұмыстың ең жоғарғы бағасы – 35 балл. Жеңімпаз қазылар алқасының барлық мүшелері қойған ұпайларды қосу нәтижесінде алынған балдардың ең жоғарғы саны бойынша анықталады.
Жүлделі орындар саны және ақшалай сыйақы:
бір бірінші сыйлықақы 125 000 теңге мөлшерінде;
екі екінші сыйлықақы 75 000 теңгеден;
үш үшінші сыйлықақы 60 000 теңгеден.
Келесі номинациялар бойынша 40 000 теңгеден төрт ынталандыру сыйлықақысы:
инновациялық жұмысы үшін 25000 теңге мөлшеріндегі бір сыйлықақы.
Әрбір қатысушы конференция-конкурсқа қатысушының сертификатын алады.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломдармен марапатталады.
Барлық қатысушылар өз баяндамаларының презентацияларын дайындап, оларды ppt/pptx немесе pdf форматында өз филиалдарының ұйымдастыру комитеті мүшелерінің электрондық поштасына 05.10.2021 жылғы сағат 18.00-ден кешіктірмей жіберуі керек.
Баяндамашыларға өз Институтының санитариялық нормаларын ескере отырып арнайы дайындалған алаңдарында сөз сөйлеу ұсынылады, алайда жеке қосылу мүмкіндігі де көзделген.
Қосылуға арналған дербес конференцияның сәйкестендіргіші конкурс басталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей Институттың it-мамандарына жіберіледі.
Онлайн-конференцияға қатысушыларда аудио-, бейне байланыс құралдары болуы, өзіңіз нені пайдалануыңызға байланысты өз компьютеріңізге, планшетіңізге немесе телефоныңызға бағдарламаны/қосымшаны орнату, аты-жөніңізді көрсетіп тіркелу және Zoom Video Communications-қа қосылу қажет. Дербес компьютерлердің барлық операциялық жүйелеріне және барлық мобильді платформаларға арналған барлық бағдарламалар мен қосымшаларды келесі сілтеме бойынша жүктеуге болады: https://zoom.us/download. Вебинарға қосылу және іс-шара басталғанға дейін бағдарламаның әртүрлі мүмкіндіктерін тексеру үшін бағдарламаны немесе қосымшаны алдын-ала орнату ұсынылады.
Жеке қосылған кезде баяндамашылар бағдарламада көрсетілген баяндаманың басталу уақытынан кемінде 15 минут бұрын конференция әкімшісіне қосылуға сұрау жіберуі қажет.
Қонақтар үшін келесі сілтеме бойынша YouTube арнасында көрсетілім ұйымдастырылады: https://www.youtube.com/channel/UCyZAi2RdmQ906gLweFjvMXA.
Сұрақтар туындаған жағдайда ссіздің ұйымыңыздың IT-мамандарына хабарласуға болады.
ЧЕРНОВ Владимир Александрович, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының ақпараттық жүйелер және байланыс тобының технигі, тел.: +7 747 148 9202
ЕРЕЖЕПБАЕВ Әділет Мерхатұлы, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының 290-бөлімінің инженері, тел +7 777 316 0747
КИТОВ Егор Сергеевич, ҚР ҰЯО РМК ақпараттық технологиялар бөлімінің технигі, тел.: +7 705 302 1945
ТУМАШЕВ Владимир Сергеевич, ҚР ЯФИ РМК технигі, тел.: +7 708 210 8473
РЯБЕНКО Павел Викторович, ГЗИ филиалының ғылыми қызметкері,
тел.: +7 777 704 2684
Іс-шараны өткізуге бейнебайланыс құралдарымен (web-камера, дисплей, микрофон) жабдықталған келесі алаңдар тартылады:
ЯФИ РМК – ғылыми кеңес залы, Алатау кенті, Ибрагимов көшесі, 1.
ГЗИ филиалы – арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығы, Алматы қ., Л. Чайкина к-сі, 4; Курчатов қ., Меридиан алаңы
ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы – 270-ғимарат, 202-үй-жай, Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі, 10
ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы – кіші конференц-зал, Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі, 2
2021 жылғы 6 қазан, сәрсенбі
Уақыты |
Ұйым / Аты-жөні / Конкурстық жұмыстың тақырыбы / бағыты |
---|---|
10.00 - 10.10 |
АШЫЛУЫ |
|
ІРГЕЛІ ЗЕРТТЕУЛЕР |
10.10 - 10.30 |
АЭИ филиалы Самарханов Қуаныш Қанатұлы 6Li (n, α)3H ядролық реакциясы өнімдерімен инертті газдар қоспаларын қоздыру кезіндегі тозаңдалған бөлшектер эмиссиясы іргелі |
10.30 – 10.50 |
ЯФИ РМК Мережко Михаил Сергеевич Цифрлық кескіндерді корреляциялау әдісімен анықталған жоғары сәулеленген аустениттік болаттардағы пластикалық деформацияны локализациялау ерекшеліктері іргелі |
|
ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР |
10.50 - 11.10 |
АЭИ филиалы Төлеубеков Қуанышбек Оразбекұлы Лава-Б қондырғысында кориумдағы қалдық энергия бөлінуді имитациялау процесін модельдеу инженерлік-техникалық |
11.10 – 11.30 |
Техникалық үзіліс |
11.30 - 11.50 |
АЭИ филиалы Сәтібеков Әзизхан Нұртайұлы КТМ токамагы плазмасын қосымша қыздыру жүйесінің ЖЖ антенна-фидерлі құрылғысының АЖС параметрлерін зерттеу инженерлік-техникалық |
11.50 – 12.10 |
АЭИ филиалы Ильиных Станислав Алексеевич «EAGLE» эксперименттік стендінің бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикасы кіші жүйесін жаңғырту инженерлік-техникалық |
12.10 – 12.30 |
АЭИ филиалы Қабдылқақов Ержан Асқарұлы Эксперименттік құрылғы элементтерінде энергияның кеңістіктік-уақыттық таралуын тапсыруға арналған бағдарламалық кодты әзірлеу инженерлік-техникалық |
12.30-14.00 |
Түскі үзіліс |
|
ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР |
14.00 – 14.20 |
АЭИ филиалы Жанболатова Ғайния Қайырдықызы Вольфрам бетінде карбидтелген қабаттың қалыптасуына қайта кристалданудың әсері қолданбалы |
14.20 – 14.40 |
АЭИ филиалы Дәулетханов Ерхат Дәулетханұлы SPT әдісімен миниатюралық үлгілерді сынау үшін сынақ құрылғысын әзірлеу қолданбалы |
14.40 – 15.00 |
РҚЭИ филиалы Лаврикова Рината Геннадьевна ССП аумағындағы табиғи көлдердің радиоактивті ластану сипаты қолданбалы |
15.00 – 15.20 |
РҚЭИ филиалы Артамонов Юрий Евгеньевич Курчатов қаласының аумағында радон изотоптары концентрациясының маусымдық өзгерістерін айқындау қолданбалы |
15.20 – 15.40 |
АЭИ филиалы Ақболатов Елдос Жаннұрұлы 12Х18Н10Т және AISI 316 әртекті аустенитті болаттарды қолмен аргон-доғамен дәнекерлеу процесін оңтайландыру қолданбалы |
15.40 – 16.00 | Техникалық үзіліс |
16.00-16.20 |
АЭИ филиалы Оразғалиев Нұрхат Айдарұлы Төмен температуралы нейтрондық сәулелену кезінде бериллийдің радиациялық зақымдануы қолданбалы |
16.20 – 16.40 |
АЭИ филиалы Жанболатов Олжас Мұратбекұлы ҚР ҰЯО зерттеу реакторларының науқандарын есептеуге арналған құралдарды әзірлеу қолданбалы |
16.40 – 17.00 |
РҚЭИ филиалы Колбин Владимир Валерьевич Силикат үлгілеріндегі элементтер мен оксидтердің массалық мөлшерін рентгенофлуоресценттік талдау әдісімен анықтау әдістемесін әзірлеу және енгізу қолданбалы |
17.00- 17.20 |
РҚЭИ филиалы Дорожкин Илья Петрович Семей сынақ полигоны аумағында гамма-спектрометриялық түсірілім нәтижелері бойынша радионуклидтер концентрациясының өзгеруін бағалау үшін программалық жасақтама («Тәжірибе алаңы» мысалында) қолданбалы |
2021 жылғы 7 қазан, бейсенбі
Уақыты |
Ұйым / Аты-жөні / Конкурстық жұмыстың тақырыбы / бағыты |
---|---|
09.00-9.20 |
АЭИ филиалы Мұхамедиев Асхат Қспекұлы ИГР реакторында АНУП-отыны сынақтарын өткізгеннен кейін радиациялық ахуалды бағалау қолданбалы |
09.20-09.40 |
РҚЭИ филиалы Бияхметова Дина Бияхметқызы Кәсіби сәулеленудің жоғары дозалары диапазонындағы адам тістері эмалінің электронды-парамагниттік резонансы қолданбалы |
09.40-10.00 |
ГЗИ филиалы Көмекбаев Дархан Қалдарұлы Оңтүстік Қазақстан ауданындағы литосфера құрылысын зерделеу үшін бейбіт ядролық жарылыстардың тарихи сейсмограммаларын пайдалану қолданбалы |
10.00-10.20 |
ГЗИ филиалы Сейнасинов Нұрбек Асылбекұлы Орталық Азияның сейсмикалық мониторингіндегі Қаратау сейсмикалық тобының магнитудалық сезімталдығы қолданбалы |
10.20-10.40 |
Техникалық үзіліс |
10.40-11.00 |
ГЗИ филиалы Шульга Михаил Викторович Атом саласы объектілері орналасқан аудандардағы инженерлік-геологиялық жағдайлар мен әлсіз байқалған геодинамикалық процестер мониторингі кезінде электрбарлауды қолдану қолданбалы |
11.00-11.20 |
АЭИ филиалы Бочков Вадим Сергеевич Реакторлық сәулелену жағдайында қорғасын-литий эвтектикасынан тритийдің бөлінуіне дейтериймен үрлеп тазалаудың әсерін зерттеу қолданбалы |
11.20 – 11.40 |
РҚЭИ филиалы Пономарева Татьяна Сергеевна ССП-ның радиоактивті-ластанған аумағындағы «топырақ-өсімдік» жүйесіндегі 137Сs әрекетінің ерекшеліктері қолданбалы |
11.40 – 12.00 |
РҚЭИ филиалы Есілханов Ғани Мұхтарұлы ССП-ның шартты аялық аумақтарындағы жерасты суларының экологиялық-геохимиялық ерекшеліктерін анықтау үшін көп өлшемді статистикалық әдістерді қолдану қолданбалы |
12.00 – 12.20 |
АЭИ филиалы Жүнісбек Сағынғали Андасбекұлы КТМ токамагы плазмасын спектроскопиялық зерттеу қолданбалы |
12.20-14.00 |
Түскі үзіліс |
14.00 – 14.20 |
РҚЭИ филиалы Сысоева Елена Сергеевна Семей сынақ полигонына іргелес аумақтағы орман төсенішінде радионуклидтердің таралу ерекшеліктері қолданбалы |
14.20 – 14.40 |
АЭИ филиалы Сабитова Радмила Радиковна ИВГ.1М реакторының куәгер-үлгілерінің радиациялық зақымдану дозасын бағалау үшін нейтронды сәулеленуді MCNP–DART модельдеу қолданбалы |
14.40 – 15.00 |
АЭИ филиалы Светачев Станислав Николаевич Ресурстық сынаулар процесінде ИВГ.1М реакторының ЖБУ және ТБУ-отынынан бөліну өнімдерінің шығуын салыстыру қолданбалы |
15.00 – 15.20 |
РҚЭИ филиалы Тілеуқанов Ержан Нұрланұлы Ертіс өзенінің экологиялық жай-күйін бағалау қолданбалы |
15.20 – 15.40 | Техникалық үзіліс |
15.40 – 16.00 |
АЭИ филиалы Арынғазы Ерсін Болатқалиұлы ИВГ.1М реакторының ТБУ отыны бар твэлдерінің никель жабынының қалыңдығын өлшеу әдістемесін калибрлеу қолданбалы |
|
КОНКУРСТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР |
16.00 – 16.20 |
Шәкәрім атындағы КеАҚ (конкурстан тыс) Байсарова Әнел Рашитқызы Мультикомпонентті тамақ өнімдерінің жылуфизикалық қасиеттеріне компоненттік құрамның әсері инженерлік-техникалық |
16.20 – 16.40 |
Шәкәрім атындағы КеАҚ (конкурстан тыс) Умыржан Темірлан Нұрланұлы Қаражыра көмірінің негізінде отын брикеттерін жағудың энергетикалық тиімділігін зерттеу қолданбалы |
2021 жылғы 8 қазан, жұма
Уақыты |
Іс-шаралар |
---|---|
09.00 – 10.00 |
Қазылар алқасының талқылауы |
11.00 – 12.00 |
ҚР ҰЯО ХХ ҒЗТКЖ КОНФЕРЕНЦИЯ-КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ. МАРАПАТТАУ. ЖАБЫЛУЫ. |