ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы
2024 жылғы 18 қазанда ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының XXIII жыл сайынғы ҒЗТКЖ конференциясы-конкурсы өз жұмысын аяқтады.
Конкурсқа қатысушылар қазылар алқасының қарастыруына 36 жұмыс ұсынды.
Барлық баяндамалар тыңдалғаннан кейін қазылар алқасының хатшылығына 12 рейтингтік дауыс беру бюллетені келіп түсті.
Жүлделі орындарды анықтау кезінде конкурсқа қатысушылардың келесі критерийлер бойынша жинаған балдарының мөлшері ескерілді:
1) жұмыстың өзектілігі;
2) практикалық құндылығы (жұмыс арналған проблема үшін маңыздылығы);
3) ғылыми және инженерлік деңгей, түпнұсқалылығы, нәтижелердің жаңалығы;
4) жұмыстың аяқталу дәрежесі;
5) конкурсқа қатысушының жеке үлесі;
6) мазмұндау стилі және материалды меңгеру деңгейі;
Зерттеу бағыттарының ерекшелігін ескере отырып бағалаудың қосымша критерийлері:
- іргелі зерттеулер үшін-жарияланым деңгейі;
- инженерлік-техникалық жұмыстар үшін-техникалық шешімдерді бағалау;
- қолданбалы зерттеулер үшін-бәсекеге қабілеттілік.
Конференция-конкурстың нәтижелері:
I. Бірінші орын, диплом және 195 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық берілді:
Толеубеков Куанышбек Оразбековичке – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының эксперименттік жылу физикасы зертханасының кіші ғылыми қызметкері, «Кориумды балқыма тұзағында қайнаған металмен салқындату және ауыр аварияны модельдеу жағдайында эксперименттер жүргізу ерекшеліктері» жұмысы үшін (инженерлік-техникалық зерттеулер).
II. Екінші орын, дипломдар және 120 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық берілді:
1. Сысоева Елена Сергеевнаға – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы радиоэкологиялық және биодозиметриялық зерттеулер бөлімінің 2-санатты инженер-экологы, «Бұршақ дақылдарының (Phaseolus vulgaris) қатарынан үш ұрпағы мысалында өсімдіктердің тіндік деңгейіндегі SR-90 әсерін бағалау» жұмысы үшін (іргелі зерттеулер).
2. Ким Елена Радиковнаға – ҚР ЭМ ЯФИ РМК радиациялық материалтану зертханасының кіші ғылыми қызметкері, «ЭП-450 феррито-мартенситті болаттың радиациялық индукцияланған құрылымының ерекшеліктері және олардың материалдың беріктігі мен икемділігін қалыптастырудағы рөлі» жұмысы үшін (іргелі зерттеулер).
III. Үшінші орын, дипломдар және 95 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық берілді:
1. Исағали Әсем Айдарқызына – ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалы арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының маманы, «Батыс Қазақстандағы жарылыстар мен жер сілкіністерін мониторингілеудің жаңа станциясының орнын таңдау үшін геологиялық-геофизикалық және сейсмикалық ахуалын зерттеу» жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер).
2. Бачурина Ирина Анатольевнаға – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы бюджеттік бағдарламалар тобының 1-санатты инженері, «ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының ғылыми жарияланымдарын сақтау және талдау үшін деректер базасын әзірлеу» жұмысы үшін (инженерлік-техникалық зерттеулер).
3. Шокпарбай Арай Ерденқызына – ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалы арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының 2-санатты инженері, «Биік Тянь-Шань мұздық процестерін сейсмологиялық зерттеу» жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер).
IV. Грамоталар мен 60 000 теңге көлеміндегі ақшалай ынталандыру сыйлығы берілді:
«Үздік рәсімделген жұмыс» номинациясында:
– Өкен Оспанға - ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының перспективті материалдар зертханасының 2-санатты техник-зертханашысы, «Магний негізіндегі ұнтақ қоспасының құрылымының эволюциясына механосинтез параметрлерінің әсерін бағалау» жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер).
«Жұмыстың даралығы» номинациясында:
– Сабитова Радмила Радиковнаға – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы нейтронды физика зертханасының кіші ғылыми қызметкері, «Лантан бромиді типіндегі сцинтилляциялық детектордың жауап беру функциясын зерттеу» жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер).
«Үздік оратор» номинациясында:
– Ашибаев Арыстан Чингизовичке – ҚР ЭМ ЯФИ РМК атом энергиясының қауіпсіздік мәселелері зертханасының зертханашысы, «Mo-99 жұмысын арттыру үшін ВВР-К реакторындағы сәулелену жағдайларын оңтайландыру» жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер).
«Белсенді қатысушы» номинациясында:
– Қабдылқақов Ержан Асқарұлына – ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы сәулелендіретін құрылғылардың жылу физикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының 2-санатты инженері, «ИГР-дағы реакторлық эксперимент жағдайында авариялық жұмыс режимдерін модельдеу кезіндегі ТВС әрекетін есептік зерттеу» жұмысы үшін (инженерлік-техникалық зерттеулер).
Ⅴ. Инновациялық жұмысы үшін 40 000 теңге көлеміндегі сыйақы берілді:
Алдажаров Тимур Муратовичке – «ҮМЗ» АҚ Ғылыми орталығы уран зертханасының жетекші инженер-зерттеушісі, «Қазақстандық-Француздық SAIGA реакторлық эксперименті үшін стандартты емес отын таблеткаларын дайындау» жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер).
VI. Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары берілді:
ҚР ҰЯО РМК «Геофизикалық зерттеулер институты» филиалынан:
■ ең үздік әлеуметтік маңызды жұмысы үшін ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы мониторингілеу және экологиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімінің 1-санатты инженері Марченко Олеся Олеговна марапатталады, «Томск қ. ауданында атмосфераның жер үсті қабатында ауаның газ құрамының таралуының мезомасштабты ерекшеліктерінің көпжылдық мониторингі» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
- презентация өнерін меңгергені үшін ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы мониторингілеу және экологиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімі зертханасының инженері Ермакова Рината Геннадьевна марапатталады, «ССП аумағындағы табиғи көлдердің түбіндегі шөгінділерде табиғи және техногендік радионуклидтердің тігінен таралуын бағалау» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
- жаңа технологиялар мен инновациялық ғылыми жобалары үшін ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы сутекті және плазмалық технологиялар зертханасының инженері Қайырбекова Әсел Жанарбекқызы марапатталады, «Үштік зонд негізінде плазманы диагностикалау жүйесін әзірлеу» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
- ең үздік практикалық маңызды жұмысы үшін ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалы Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының деректерді өңдеу тобының кіші ғылыми қызметкері Рябенко Оксана Викторовна марапатталады, «ҚР ҰЯО желісінің деректері бойынша Қытай мен Түркиядағы екі ірі жер сілкінісінің салыстырмалы сипаттамасы» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
- зерттеулерде заманауи технологияларды ең үздік қолданғаны үшін «Волковгеология» АҚ геология, геофизика және радиоэкология департаментінің жетекші экологы АСҚАРҚЫЗЫ Мәдина марапатталады, «Шу-Сарысу және Сырдария уран кеніші провинцияларының жер асты суларын қорғау шеңберінде мониторингілік зерттеулер жүргізу» жұмысы (қолданбалы зерттеулер).
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан:
- сәтті дебют үшін ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының термоядролық зерттеулер бөлімі токомактардың эксперименттік физикасы зертханасының топ бастығы Дүйсен Айдос Жақсыбайұлы, «КТМ токамагындағы плазманың радиациялық жоғалуын зерттеу» жұмысы (қолданбалы зерттеулер); ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы мониторингілеу және экологиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімі элементтік талдау зертханасының маман-экологы Смирнов Сергей Денисович, «Риддер қ. Филипповка өзеніне тау-кен кешені кәсіпорындарының әсерін бағалау» жұмысы (қолданбалы зерттеулер) және ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы арнаішілік сынақтар зертханасының инженері Сапарбек Эльдана марапатталады, «Sn75-Li25 сұйық қорытпасының вольфрам, молибден, тантал және ванадиймен 600°С-тан 1000°С-қа дейінгі температурада коррозиялық әрекеттесуі» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
- биоиндефекация әдістерін дамытудағы үлесі үшін ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы радиоэкологиялық және биодозиметриялық зерттеулер бөлімінің маман-биологы Серік Арайлым Ерланқызы марапатталады, «Оценка биоиндикационных свойств растений, произрастающих на территории Семей сынақ полигонының аумағында өсетін өсімдіктердің биоиндикациялық қасиеттерін бағалау» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
- әлеуметтік маңызды жұмысы үшін ҚР ЭМ ЯФИ РМК радиациялық материалтану зертханасының инженері Такиева Айжан Мусагалиевна марапатталады, «AISI 316 LN болатының нейтрондармен сәулеленген питтинг коррозиясына төзімділігіне химиялық құрамы мен термиялық өңдеудің әсері» жұмысы (іргелі зерттеулер);
- ғылыми танымға құштарлығы үшін ҚР ЭМ ЯФИ РМК радиациялық материалтану зертханасының инженері Бобрусова Юлия Александровна марапатталады, «Нейтрондармен сәулеленген AISI 316LN болатының механикалық қасиеттерін қалыптастырудағы қоспалаушы элменттердің рөлі» жұмысы (іргелі зерттеулер);
- жасыл технологияларды дамытудағы үлесі үшін ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы сутекті және плазмалық технологиялар зертханасының инженері Агатанова Алина Армановна, марапатталады, «Аса жоғары жиілікті разрядтағы метан пиролизі» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
- ядролық технологияларды дамытудағы үлесі үшін ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы радиациялық материалтану зертханасының 2-санатты инженері Арынғазы Ерсін Болатқалиұлы марапатталады, «Цирконий қорытпаларының ауадағы жоғары температуралық тотығуы» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
- іргелі зерттеулердегі үлесі үшін «Семей қ. Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ «Материалдар бетін модификациялау» ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері Жасұлан Айнұр Жасұланқызы марапатталады, «Әр түрлі кернеулерде микродоғалық тотығу әдісімен алынған кальций-фосфат жабындарының трибокоррозиялық қаисеттері» жұмысы (іргелі зерттеулер);
- инновациялық технологиядағы үлесі үшін «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ электрохимиялық өндірістер зертханасының кіші ғылыми қызметкері ӘБДІМОМЫН Сәкен Қынабекұлы марапатталады, «Ni-MH батареяларындағы анодты материалға арналған MXene/LaNi5 негізіндегі гибридті электрод» жұмысы (қолданбалы зерттеулер).
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалынан:
- ССП бағалаудағы үлесі үшін ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы радиологиялық зерттеулер бөлімі радиациялық зерттеулер зертханасының 2-санатты инженері Артамонов Юрий Евгеньевич марапатталады, «Табиғи суларды радиоактивті ластаушы заттектерден тазарту үшін полимерлі гидрогельдер мен криогельдерге негізделген сорбенттердің тиімділігін бағалау» жұмысы (инженерлік-техникалық зерттеулер);
- сәтті дебюті үшін ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы радиоэкологиялық және биодозиметриялық зерттеулер бөлімінің маман-экологы Жанузакова Елена Анатольевна марапатталады, «Изотоптың фолиарлы және тамырлық түсуі кезінде көкөніс дақылдарының тритийді сіңіруін салыстырмалы бағалау» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
- термоядролық технологияларды дамытудағы үлесі үшін ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы термоядролық зерттеулер бөлімі эксперименттік физикалық қондырғылар зертханасының 2-санатты инженері Жеңіс Құлан марапатталады, «Токамакта КТМ пайдалану жағдайында суық катодты жоғары вакуумды датчиктердің жұмысын қалпына келтіру әдістемесін әзірлеу» жұмысы (инженерлік-техникалық зерттеулер);
- энергия үнемдеуші технологияларды дамытудағы үлесі үшін «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ электрохимиялық өндірістер зертханасының инженер-зерттеушісі Мәлік Сейілбек Ділдәбекұлы марапатталады, «LaNi5 негізіндегі анодтардың электрохимиялық қасиеттеріне байланыстырушы материалдың әсерін зерттеу» жұмысы (қолданбалы зерттеулер).
ҚР ҰЯО РМК Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінен:
- төмен температуралар техникасы мен физикасын дамытудағы үлесі үшін «Семей қ. Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ «Техникалық физика және жылу энергетикасы» кафедрасының магистранты Мануленко Антон Иванович марапатталады, «Жылу сорғыларының циклдарында тоңазыту агенттерін қолдану тиімділігін талдау» жұмысы (қолданбалы зерттеулер).
IX. ХХІІІ конференция-конкурстың барлық қатысушысына ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ сертификаттары табысталды.
X. Ұсынылған жұмыстарды «ҚР ҰЯО Жаршысы» журналында жариялау ұсынылды.
Біз жеңімпаздарды құттықтай отыра, конкурсқа қатысушыларға, қазылар алқасына, ғылыми жұмыстар жетекшілеріне, Институттар басшыларына, ҚР ҰЯО РМК Жас ғалымдар мен мамандар кеңесіне, біздің әріптестерімізге және конференция-конкурс жұмысына қатысқан ҚР ҰЯО РМК барлық мамандарына алғысымызды білдіреміз, 2025 жылы Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК базасында өтетін ХХIV конференция-конкурста бұдан да сәтті зерттеулер мен кездесулерді тілейміз.