Конфренция ШҚО, Курчатов қ., «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК негізінде өткізіледі. Конференция бағдарламасында ССП-ның «Тәжірибе алаңы» мен «Атом көлін», эксперименттік кешендерін (ИГР және ИВГ.1М зерттеу реакторлары, КТМ материалтану токамагы және т.б.), ССП мұражайын аралау көзделген.
Конференция орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Баяндамалар конференцияның жұмыс тілдеріне аударылады.
1. РАДИАЦИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА
2. ЯДРОЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ:
қазіргі заманғы беталысы мен даму келешегі
Баяндамалардың тезистері (орысша немесе ағылшынша нұсқалары) 2018 жылғы 5 шілдеге дейін электронды түрде conf2018@nnc.kz e-mail-іне жіберілуі тиіс.
Тезистердің көлемі – А4 (210×297 мм) пішімді 1 беттен аспауы тиіс, жиектері:
үстінде, сол жақта, төменде – 25 мм; оң жақта – 15 мм.
Қарпі – Times New Roman, биіктігі 12 пт, 1 аралық арқылы.
Баяндаманың атауы бас әріптермен жазылады, оның астына авторлардың тегі, аты-жөні және өздері жұмыс істейтін ұйымның атауы, қала мен елдің атауы қоса жазылады.
Баяндамалардың тезистер жинағы конференция қарсаңында басып шығарылады.
10 қыркүйек, дүйсенбі – конференцияға қатысушылардың келуі.
11 қыркүйек, сейсенбі – конференцияның ашылуы, отырыстар.
12 қыркүйек, сәрсенбі – отырыстар.
13 қыркүйек, бейсенбі – конференцияның жабылуы, техникалық турлар.
14 қыркүйек, жұма – конференцияға қатысушылардың кері қайтуы.
Конференцияға қатысушылардың ұйымдастыру жарнасы төлем сәтіндегі МБВБ курсы бойынша теңгемен алғандағы 100 АҚШ долларын құрайды.
Ұйымдастыру жарнасының сомасына техникалық қызмет көрсету, конференция тезистерінің жинағын басып шығару, кофе-брейктер мен ресми қабылдаулар, мәдени іс-шаралар мен экскурсиялар ақысы кіргізіледі.
Жарнаны 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның есеп айырысу шоттарына аударуға болады:
қазақстандық теңгемен:
071100, ШҚО, Курчатов қ., Красноармейская көшесі, 2
СТН 511800000504, БСН 990240001722, КБе 16
ЖСК KZ989260301112586000, «Казкоммерцбанк» АҚ
БСК KZKOKZKX
АҚШ долларымен:
Kazkommertsbank, Almaty, Kazakhstan
Swift code: KZKOKZKX, Account KZ719260301112586001
ресейлік рубльмен:
«Казкоммерцбанк» АҚ, Қазақстан Республикасы
БСК KZKOKZKX, ЖСК KZ609260301112586005
Ұйымдастыру жарнасын төлеген соң төлем құжатының сканерленген көшірмесін жіберулеріңізді сұраймыз.
Жарнаны сондай-ақ тіркеу кезінде, конференция ашылған күні қолма-қол ақшамен төлеуге де болады.
Конференцияға қатысуға өтінім http://sts2018.nnc.kz/ веб-сайты арқылы беріледі.
Өтінім беру мерзімі 2018 жылғы 25 мамырға дейін.
20 қаңтар 2018 ж. – онлайн-тіркеудің ашылуы
25 мамыр 2018 ж. – өтінімдерді қабылдауды аяқтау
5 шілде 2018 ж. – тезистерді қабылдауды аяқтау
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК ,
071100, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Курчатов қ., Красноармейская көшесі, 2
Конференция хатшысы:
Утенкова Наталья | тел. +7 (722-51) 3-48-08 | e-mail: conf2018@nnc.kz