ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
- ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Атом энергиясы институты» филиалы
2019 жылдың 24 мамырында ХVIII жылсайынғы ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ конференция-конкурсы өз жұмысын аяқтады.
Жас ғалымдар мен мамандардан әділқазылардың қарастыруына 32 жұмыс тапсырылды.
Барлық баяндамаларды тыңдағаннан кейін әділқазы хатшылығына дауыс берудің рейтингтік 8 бюллетендер келіп түсті.
Жүлделі орындарды анықтау кезінде келесі критерийлер бойынша конкурсқа қатысушылардың балдарының саны есептелді:
- жұмыстың өзектілігі;
- практикалық құндылығы (жұмыс арналған мәселе үшін маңыздылығы);
- ғылыми, инженерлік деңгейі, нәтижелердің жаңалығы;
- жұмыстың аяқталуы деңгейі;
- конкурсқа қатысушының жеке үлесі;
- мазмұндау стилі және материалды игеру деңгейі;
бағытының ерекшелігіні есепке ала отырып:
- іргелі – жариялану деңгейі;
- инженерлік-техникалық – техникалық шешімін бағалау;
- қолданбалы – бәсекеге қабілеттілік.
Конференция-конкурстың нәтижесі:
I. Бірінші орын, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды:
Кожахметов Ернат Абилхайырович – ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының радиациялық материалтану зертханасының кіші ғылыми қызметкері қолданбалы зерттеу - «ИВГ.1М реакторының белсенді аумағының отындық элементтерін құрылымдылық талдауы үшін Altami Studio программалық кешенін қолдану» жұмысы үшін.
II. Екінші орын, дипломдар және ақшалай сыйлықпен марапатталды:
Букина Ольга Сергеевна – ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының құрылымдылық және отын материалдарын сынау зертханасының инженері қолданбалы зерттеу – «Метан плазмасының әсерінен кейін вольфрамның беткі қабатының фазалық құрамын анықтау» жұмысы үшін.
Жапашева Жанна Ерсыновна – ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының ауыстыру механизмдерін эксперименттік зерттеу зертханасының инженері қолданбалы зерттеу - «Семей сынақ полигонының су нысандарында болу формалары бойынша 238U таралуын зерттеу» жұмыс үшін.
III. Үшінші орын, дипломдар және ақшалай сыйлықпен марапатталды:
- Тоқтағанов Тоғжан Шалқарұлы – ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының георадиоэкологиялық зерттеулер тобының 2 санатты технигі қолданбалы зерттеу - «Дегелен» алаңында судың қалыптасуы жағдайын изотоптық гидрология әдісімен зерттеу» жұмысы үшін.
- Даулетханов Ерхат Даулетханулы – ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының радиациялық материалтану зертханасының инженері қолданбалы зерттеу – «ИГР отынының ТБУ және ЖБУ беріктік сипаттарына термоциклдеу үдірісінің әсері» жұмысы үшін.
- Кенесарина Айнур Оразовна – ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының экожүйелерінің кешендік зерттеу бөлімінің эпидемиолог-маманы қолданбалы зерттеу - Адамның қанының лимфоциттерінде хросомдық бұзылуларды цитокинезді (CBMN) блоктай отырып микроядролық тест әдісімен анықтау» жұмысы үшін.
IV. Грамоталар және ынталандыру ақшалай сыйлықтар:
Үздік рәсімделген жұмыс үшін
Марченко Олеся Олеговна – ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының ауыстыру механизмдерін эксперименттік зерттеу зертханасының 1 санатты технигі қолданбалы зерттеу – «3Н үлесінің персонал және халық үшін оның ауаға түскен кезіндегі дозалық жүктемесін анықтау» жұмысы үшін.
Жұмыстың өзінділігі үшін
Каиржанов Амир Ерланович – ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының ғылыми-техникалық ақпараттар бюросының маманы инженерлік-техникалық зерттеу – «Семей сынақ полигоны бойынша виртуалдық турларды жетілдіру» жұмысы үшін.
Үздік шешен
Бочков Вадим Сергеевич – ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының арнаішілік сынақтар зертханасының инженері қолданбалы зерттеу – «Түрлі изотоптық құрамды су буларындағы IG-110 реакторлық графиттің жоғары температуралық коррозиясы» жұмысы үшін.
Белсенді қатысушы
Сержанова Зарина Бейсембаевна – ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының ауыстыру механизмдерін эксперименттік зерттеу зертханасының 2 санатты инженері қолданбалы зерттеу – «ССП радиоактивті ластанған телімдеріне жақын табиғатты экожүйелерде тритийдің қайта таралу параметрлерін бағалау» жұмысы үшін.
Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары берілді
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы инстиуты» филиалынан
- Самарханов Куаныш Канатулы – іргелі зерттеу - «6Li(n,α)3Н ядролық реакция өнімдерімен қоздырылатын инертті газдар мен сілті мен металл буларының төмен температуралық плазмасының спектралды-люминесценттік сипаттарын зерттеу» жұмысындағы максималды жаңалығы үшін марапатталды;
- Медетбеков Берик Сакенович – қолданбалы зерттеу – «ИВГ.1М реакторының жылу тасымалдағышына эксперименталдық ССТК-ҒБУ твэлдерінен бөліну өнімдерінің шығуын бағалау» үздік эксперименталдық жұмыс үшін марапатталды;
- Журкин Святослав Александрович – қолданбалы зерттеу – «ИГР ЗР белсенді аумағының температурасын өлшеу жүйесін оңтайландыру» жұмысмен ҚР ҰЯО реакторлық қондырғыларын жетілдіруге қосқан үлесі үшін марапатталды;
- Кайырды Гайния Кайырдыкызы – қолданбалы зерттеу – «Шоқты-плазмалық разрядты диагностикалауға арналған бүйірлі зондты ашудың авто тербелісті режимі» жұмысымен сәтті дебют үшін марапатталды;
- Сулейменов Нурболат Айдынович – инженерлік-техникалық зерттеу – «Тура нүктелі хлорлағышты қолданумен сәулеленген берилийді тазарту» үздік инновациялық жұмыс үшін марапатталды;
- Скрипников Михаил Васильевич (РҚЭИ) – қолданбалы зерттеу «Жаяу жүру гамма-спектрлік суретке түсіру әдісін әскери радиоактивті заттарды сынау жүргізген орындарды іздеу және сәйкестендіру үшін қолдану мүмкіндігі» жұмысымен ҚР ҰЯО әдістемелік базасын жетілдіруге елеулі үлес қосқандығы үшін марапатталды;
- Марченко Игорь Олегович (ГЗИ) – қолданбалы зерттеу – «РАҚ тереңде сақтау үшін зерттеліп жатқаң Қосшоқы теліміндегі көпжылдық гидрогеолоиялық мониторинг» жұмысымен атом энергетикасының инфрақұрылымын зерттеуге қосқан үлесі үшін марапатталады;
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан
- Сейнасинов Нурбек Асылбекович (ГЗИ) – қолданбалы зерттеу – «Мұрағаттық цифрлік сейсмограммаларды алынған мониторинг міндетіне арналған жаңа мәліметтер» жұмысымен халықаралық сейсмикалық қауіпсіздікті арттыруға қосқан үлесі үшін марапатталды;
- Жанболатов Олжас Муратбекович (АЭИ) – инженерлік-техникалық зерттеу - «Бөліну энергияның уақытша таралуын есепке ала отырып ИГР реакторының нүктелі кинетикасын моделдеу» жұмысымен ҚР ҰЯО әдістемелік базасын жетілдіруге елеулі қосқан үлесі үшін марапатталды;
- Есильканов Гани Мухтарович – қолданбалы зерттеу – «Семей сынақ полигонының жер асты суларының геоэкологиялық ерекшелігі» жұмысымен ғылыми зерттеулердің жоғары әлеуеттік мағынасы үшін марапатталды;
- Мамырбаева Айнур Солтанбековна – қолданбалы зерттеу – «Аумақтың радиациялық жағдайын бағалау үшін түпкі тұңбаларды мерзімдеу әдісін пайдалану» жұмысымен РҚЭИ филиалы зерттеулерінің экологиялық бағыттарын күшейткендігі үшін марапатталады;
- Пономарева Татьяна Сергеевна – қолданбалы зерттеу – «Lactuca Sativa дақылымен радионуклидтердің моделді эксперимент жағдайында радиоактивті ластанудың түрлі сипаттары бар топырақта жиналуы» жұмысымен сәтті дебют үшін марапатталады;
- Ким Владимир Сергеевич – қолданбалы зерттеу – «Тамыр жайылатын қабаттың терең ластану жағдайында өсімдіктермен жасанды радионуклидтердің жиналу ерекшелігі» жұмысымен өзіндік зерттеуі үшін марапатталды;
- Жас мамандарды дайындаудағы жоғары кәсіби дәрежесі үшін (ғылыми жетекшілер номинациясында) марапатталады:
Айдарханова Альмира Курмановна;
Актаев Медет Рыскалиевич;
Кенжина Лаура Болатказыевна.
Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінен
Кашикбаев Ержан Айытбаевич – инженерлік-техникалық зерттеу – «КТМ токамакта плазманың электрондық тығыздығын өлшеудің эксперименталдық нәтижесі» жұмысымен термоядролық синтез қондырғысын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталады.
V. ХVIII жылсайынғы ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ конференция-конкурсының әрбір қатысушысына конференция-конкурс қатысушы «Сертификаты» берілді.
VI. Редколлегиямен конкурстық жұмыстарды қарастырғаннан кейін және журнал талаптарына сәйкес мақалаларды рәсімдеуден кейін ұсынылған жұмыстарды ҚР ҰЯО Вестник журналына жариялауға ұсыныс жасалды.