Жобаның мақсаты - сумен салқындатылатын реактордың жылу тасығышын жоғалтуына байланысты (LOCA сияқты апат), атап айтқанда кориум балқымасының су және бетонмен өзара әрекеттесуіне байланысты болатын апатының соңғы сатысына тән процестерді экспериментті түрде зерттеу. Зерттеулер ҚР ҰЯО және жапондық NUPEC компаниясымен бірлесіп жүргізілуде және жоспарланып отырған IVR-AM жобасының аясында жалғасатын болады, жобаның мақсаты отындағы қалдық жылудың бөлінуін имтациялау кезінде реактор корпусының ішіндегі ауыр апаттың даму сатысын модельдеу жағдайында кориумның реактордың күштік корпусының түбімен өзара әрекеттесу процесін зерттеу болып табылады.
Аталған эксперименттерді ҚР ҰЯО жабдығының негізінде жасау үшін SLAVA, LAVA, LAVA-M и LAVA-B эксперименттік қондырғылары құрылды.