03 қыркүйек 2018
Астанада Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) «Өткенге көз жүгіртіп, болашаққа бет бұру» атты халықаралық конференциясы өтуде.
Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орайластырылған конференция Шарт мәртебесін арттыру жолымен жаһандық бейбітшілікті орнатудағы ядролық қарусыздандыру мен ядролық қаруды таратпау рөлін талқылау мақсатында Астана қаласында ЯСЖТШҰ-ның көрнекті қайраткерлері мен Жастар тобы мүшелерінің басын қосты.
Конференция жұмысына қызметі Семей сынақ полигонының тарихымен тығыз байланысты ҚР Ұлттық ядролық орталығы да белсенді түрде қатысуда.
Тәуелсіздікке қол жеткізіп, Семей полигоны жабылған соң Қазақстанға ядролық сынақ инфрақұрылымын және ядролық қару сынақтарының салдарын жою; ССП-ның бұрынғы әскери-өнеркәсіп кешенін конверсиялау және оның ғылыми-техникалық әлеуетін бейбіт мақсатта пайдалану; әлемнің қолданыстағы басқа да полигондарында ядролық қару сынақтарына бақылау жүргізу; Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту үшін ғылыми-техникалық, технологиялық және кадрлық база құру сияқты бірқатар мәселелерді шешу қажет болды.
Дәл осы мәселелерді шешу үшін ҚР Президентінің 1992 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен ССП кешені және Қазақстан аумағында орналасқан тиісті ғылыми ұйымдар мен объектілер негізінде ҚР Ұлттық ядролық орталығы құрылды.
Конференцияға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков ССП-ның Қазақстанға, сол сияқты барша әлем қауымдастығына төндірген тікелей қаупі бүгінгі таңда жойылды, ал ССП жабылған кезде ядролық қаруды сынау инфрақұрылымын жою бойынша Ұлттық ядролық орталыққа жүктелген бірінші кезекті міндеттер орындалды деп айтуға болатындығын атап көрсетті.
Ұлттық ядролық орталық қызметі барысында қол жеткізілген бірегей нәтижелер Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен әзірлеген «Бұрынғы Семей сынақ полигонын қауіпсіз күйге келтіру бойынша ғылыми-техникалық және инженерлік жұмыстар кешенін жүргізу» атты үш томдық монографияда ұсынылған. Кітап үш тілде жарыққа шығарылып, әлемнің барлық жетекші университеттері мен кітапханаларына таратылды. Ал бұл күндері аталған кітап ЯСЖТШҰ конференциясының қатысушыларына сыйға тартылды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024