«Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» VIII Халықаралық ғылыми конференциясының ашылуы


12 қыркүйек 2018

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында «Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» VIII Халықаралық ғылыми конференциясы басталды.

Конференция Курчатов қаласында екі жылда 1 рет өткізіледі. Алғашқы конференция 2003 жылы өткізілген болатын. Биылғы жылғы конференция қос мерекелік датаға: ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының 60 жылдығына және ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының 25 жылдығына арналады.

VIII халықаралық конференция жұмысына Ресей, Жапония, Франция, Қытай, Белорусь, Украина, Германия, Чехия, Венгрия және т.б. сияқты әлемнің оннан астам елінен келген 100-ге жуық ғалымдар мен мамандар қатысуда. 150-ден астам баяндама ұсынылып, олар екі ғылыми секцияның пленарлық және секциялық отырыстарында тыңдалатын болады. Баяндамалар радиациялық экология және медицина, радиациялық қауіпті объектілер мен аумақтардағы радиоэкологиялық қауіп-қатерді азайту технологиясы, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, радиоэкологиядағы физика-химиялық әдістер мен дозиметрия саласындағы өзекті мәселелерді шешуге арналған. Ядролық зерттеу қондырғылары ғылыми секциясында атом энергетикасының қауіпсіздігі және таратпау проблемалары жөніндегі, сондай-ақ заманауи энергетиканың перспективалық функционалдық материалдары, радиациялық материалтану және қатты дене физикасы мәселелері жөніндегі баяндамалар тыңдалады.

Конференция жұмысы үш күнге созылады. Бағдарлама шеңберінде ССП мұражайына, «Тәжірибе алаңы» объектісіне және «Атом көліне» экскурсиялар қарастырылған, сондай-ақ ҚР ҰЯО зерттеу базасына бару ұйымдастырылады.

 

 

радиоэкология Конференции Ядерная физика Медицина СИП международное сотрудничество исследовательские реакторы юбилей няц рк обмен опытом ИАЭ-60 ИРБЭ-25