Ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және медицинаға арналған полимерлік материалдарды радиациялық өңдеу және түрлендіру жөніндегі халықаралық FNCA семинары


09 қазан 2018

«ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК және «Ядролық технологиялар паркі» АҚ негізінде халықаралық FNCA семинары өтіп жатыр. Семинар барысында 5 күн бойы ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және медицинаға арналған полимерлік материалдарды радиациялық өңдеу және түрлендіру мәселелері қарастырылатын болады.

Семинар жұмысына FNCA-ге қатысатын 10 елдің – Бангладеш, Қытай, Индонезия, Жапония, Қазақстана, Малайзия, Монғолия, Филиппин, Таиланд және Вьетнам елдерінің өкілдері қатысуда.

  • тақырыптағы семинар Қазақстанда екінші рет өткізілуде. Өткен жолғы семинар 2012 жылы “Electron Accelerator Application Project” тақырыбы бойынша Алматы қаласындағы Ядролық физика институтында өткізілген болатын.
  • Ядролық кооперация форумының Азия өңірін дамытудағы маңызы зор екендігін айта кеткен жөн. ҚР ҰЯО РМК бас директоры Эрлан Батырбеков семинарды аша отырып: «Семинар жұмысы ең алдымен ядролық технологияларды қолдануды, ядролық қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасуды дамытуға ықпал ету арқылы ядролық қызметпен байланысты өзекті проблемаларды шешу тәсілдерін әзірлеуге бағытталады», - деп атап көрсетті.
  • көптеген үдеткіштер бар. Олар полимерлерді радиациялық біріктіру, медициналық бұйымдарды радиациялық өңдеу, тректік мембраналарды өндіру және т.б. үшін қолданылады.
  • заман талабына сай үдеткіштер экономиканың көптеген салаларында пайдаланылады, бұл күнделікті өмір сүру сапасын жоғарылатуды қамтамасыз етеді әрі қоршаған орта үшін қауіпсіз болып қала бермек. Сондықтан жобаның тақырыбы Қазақстан үшін де, сол сияқты барша әлем үшін де жоғары басымды болып табылады.
  • 8 – 12 қазан аралығында өткізіледі. Семинар барысында әзірленген ұсынымдар практикада сұранысқа ие болмақ және халық шаруашылығының әртүрлі салаларында радиациялық технологияларды пайдалану жөніндегі келешек жобаларды іске асыруға негіз болмақ.

 

 

 

 

 

 

международное сотрудничество FNCA няц рк семинар