«Радиоэкологиялық зерттеулер орталығы» сынақ орталығын аккредиттеу


17 қазан 2018

«Радиоэкологиялық зерттеулер орталығы» сынақ орталығы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының негізінде 2010 жылы құрылып, жұмыс істеп келеді.

Биылғы жылы Орталықты аккредиттеуді өткізу бойынша көптеген жұмыс кезеңдері өткізіліп, 2018 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Ұлттық аккредиттеу орталығының Аккредиттеу аттестатын алды. Сынақ орталығы Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МемСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сәйкестікке аккредиттелді.

Сынақ орталығын аккредиттеу саласына радиологиялық өлшеулер жүргізу (МЭД, альфа-, бета-бөлшектер ағынының тығыздығы), қоршаған орта объектілеріндегі, тамақ өнімдеріндегі, құрылыс материалдарындағы, көмірдегі, минералдық шикізаттағы және тағы басқалардағы альфа-, бета-, гамма-сәулелену нуклидтерін анықтау, қоршаған орта объектілерінің, тамақ өнімдерінің  элементтік құрамын анықтау, топырақтың су сығындысының түйіршікөлшемдік құрамы мен көрсеткіштерін анықтау, суды жалпы химиялық талдау, жеке дозиметрлік бақылау және рентген аппараттарының пайдалану параметрлерін бақылау кіреді.

Сынақ орталығының құрамына 4 бөлім, 1 зертхана және 2 топ кіреді. Барлық сынақтар өлшеулерді орындау әдістемелерінің талаптарына сәйкес, барлық жұмыс түрлерін жүргізу сапасын бақылай отырып, заманауи жабдықтарда жүргізіледі.  

Сынақтарды орындау сапасын растау үшін Сынақ орталығы Қазақстан Республикасының провайдер-ұйымдарымен ғана емес, сол сияқты Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен, Канаданың ядролық зертханасымен және басқа да халықаралық ұйымдармен зертханааралық салыстыру сынақтарын жүргізуге қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

радиоэкология радионуклиды Защита окружающей среды няц рк ИРБЭ аккредитация