Лауазымдарға орналасуға арналған конкурс


17 қазан 2018

2018 жылдың 15 қазанында ҚР Энергетика Министрлігі «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалы бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Реакторлық құрылғыларды әзірлеу және сынау бөлімінің бастығы (220 бөлім)

Біліктілігіне талаптары:

Бөлімнің тақырыбы бойынша рейтингілік басылымдарда жарияланымдары, өнертабысқа  және пайдалы модельге патенттері, сәйкес мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білімі бар.

Басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, соның ішінде реакторлық құрылғыларды әзірлеу және сынау саласында өтілі 8 жылдан кем емес.

Материалтану сынақтары бөлімінің бастығы (230 бөлім)

Біліктілігіне талаптары:

Білімі сәйкес мамандығы бойынша жоғары (жоғарыдан кейінгі).

Басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, соның ішінде материалтану зерттеулері саласында өтілі бар.

 

Реакторлықтан тыс сынақтар бөлімінің бастығы (240 бөлім)

Біліктілігіне талаптары:

Білімі сәйкес мамандығы бойынша жоғары (жоғарыдан кейінгі).

Басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, соның ішінде реакторлық және реакторлықтан тыс қондырғыларда бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз ету саласында өтілі 8 жылдан кем емес

Термоядролық зерттеулер бөлімінің бастығы (280 бөлім)

Біліктілігіне талаптары:

Білімі сәйкес мамандығы бойынша жоғары (жоғарыдан кейінгі).

Басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, соның ішінде реакторлық, реакторлықтан тыс және термоядролық эксперименттерде қазіргі құрылғыларды зерттеу саласында өтілі бар.

Бақылау және басқару жүйелерін автоматтандыру бөлімінің бастығы (290 бөлім)

Біліктілігіне талаптары:

Білімі сәйкес мамандығы бойынша жоғары (жоғарыдан кейінгі).

Ғылыми және басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес; ғылыми дәрежесі бар болған жағдайда – ғылыми жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес. Бөлім жұмысының бағыты бойынша ғылыми еңбектері, ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік – конструкторлық әзірлемелерді орындау тәжірибесі бар.

 

Конкурсқа қатысу үшін 2018 жылдың 12 қараша дейін ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының хатшысына келесі құжаттарды тапсыру қажет болады:

Өтініш.

Жоғары және/немесе жоғарыдан кейінгі білімі туралы дипломның көшірмесі қосымшасымен.

Жұмыс орнынан сипаттама.

Ғылыми еңбектірдің тізімі  (формасы ф2.3).

конкурс вакансии