26 қазан 2018
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында жыл сайын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, ҚР Ұлттық ядролық орталығы және Жапонияның Атом энергиясы агенттігі арасындағы келісім шеңберінде ұйымдастырылған атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы персоналды дайындау бойынша «Реакторлық технологиялар» атты оқу курсы өткізіледі.
Төртінші рет өткізіліп отырған жыл сайынғы курстың мақсаты реакторлық технологиялар саласындағы базалық және арнайы білімге үйрету болып табылады. Апталық курстың бағдарламасы дәрістер мен практикалық сабақтардың мына тақырыптарын қамтиды: реакторлар физикасы, ядролық отын технологиясы, реакторлық материалтану, конструкциялық және отын материалдары, отынды қайта өңдеу негіздері және РАҚ-пен жұмыс істеу. Оқу курсына қатысушылар мен тыңдаушылар үшін дәрістік және таныстыру секциялары әзірленді, онда нұсқаушылар ҚР ҰЯО РМК қызметі туралы және ҚР ҰЯО мен JAEA қызметінің шеңберінде атом саласы үшін кадрлар даярлау туралы әңгімеледі.
Курстың бағдарламасында сондай-ақ КТМ токамагы, «Байкал-1» ЗРК, ССП, «Тәжірибе алаңы», ССП мұражайы сияқты ҚР ҰЯО объектілеріне техникалық турлар мен экскурсиялар қарастырылған.
Аталған оқу семинарында Ұлттық ядролық орталықтың мамандар тобы және өңірлік жоғары оқу орындарының (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет) оқытушылары білімін толықтырады. Аталған оқу кезеңінде Жапонияның Атом энергиясы агенттігі мен ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері дәрістер оқып, нұсқама берді.
Апталық оқу қорытындысы бойынша тыңдаушылар реакторлық технологиялардың негізгі бағыттары, реакторлар физикасы мен реакторлық материалтану негіздері, пайдаланылған отынды қайта өңдеудің жаңа технологиялары және заманауи ядролық-энергетикалық қондырғыларға арналған конструкциялық және отын материалдарының басқа да көптеген негізгі аспектілері туралы білетін болады.
Оқу курсы тыңдаушыларды аттестаттаумен аяқталады, онда олар алған білімдері мен біліктіліктерін растауы тиіс.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024