23 ақпан 2017
Францияға жұмыс сапары барысында бас директор Э.Ғ. Батырбековтің ИТЭР ұйымының бас директоры Bernard Bigot мырзамен кездесуі болды.
Bigot мырза ИТЭР халықаралық эксперименттік термоядролық реактор құрылысы жобасының ағымдағы жағдайы және қол жеткізген нәтижелер мен перспективалар туралы хабардар етті.
ҚР Ұлттық ядролық орталығының делегациясы өз кезегінде қазақстандық КТМ материалтану токамагы, оның техникалық сипаттамалары мен пайдалануға енгізу жоспарлары туралы ақпаратты ұсынды.
КТМ токамагы негізгі экспонаттардың бірі ретінде «Astana EXPO-2017» көрмесіне ұсынылатыны атап өтілді.
ИТЭР командасының қатысушылары КТМ токамагының эксперименттік мүмкіндіктерін жоғары бағалап, оның негізінде бірлескен зерттеулер жүргізуге деген қызығушылықтарын білдірді. Тараптар осы бағыттағы ынтымақтастықты ұйымдастыру үшін нақты қадамдарды белгіледі.
Сондай-ақ Bigot мырза «Astana EXPO-2017» көрмесіне ИТЭР командасының француздық делегация құрамында қатысатынын растады.
Кездесу соңында қазақстандық делегация үшін ИТЭР құрылысы алаңына экскурсия ұйымдастырылды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024