Лауазымдарға орналасуға арналған конкурс


21 қараша 2018

ҚР Энергетика министрлігінің «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалы 2018 жылы 19 қарашада бос лауазым орындарына конкурс жариялайды:

 

материалдарды термоядролық реактор жағдайында сынау зертханасының бастығы (234 зертхана)

Біліктілік талаптары:

«Техникалық ғылымдар және технологиялар» және «Жаратылыс тану ғылымы» бағыттары бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі.

Маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі. Зертхана саласы бойынша ғылыми еңбектерінің бар болуы.

Арнайы білімдері: плазманың заттармен өзара әсері, материалтану, плазма-шоқты технологиялар, материалдардың құрылымын талдайтын аспаптар және әдістер, эксперименттік мәліметтерді өңдеу және талдау.

нейтронды физика зертханасының бастығы (241 зертхана)

Біліктілік талаптары:

Техникалық мамандықтар бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі.

Зертхана саласына сәйкес мамандықтар бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Зертхана саласы бойынша ғылыми еңбектері, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жетілдірулерді орындаудағы іс-тәжірибесі.

эксперименттік жылуфизика зертханасының бастығы (242 зертхана)

Біліктілік талаптары:

Жоғары техникалық білімі.

Ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстарындағы 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Зертхана саласы бойынша ғылыми еңбектері.

Қосымша талаптар: есептік жылуфизикалық программаларды (ANSYS Fluent) білу.

 

токамактардың физикасы зертханасының бастығы (281 зертхана)

Біліктілік талаптары:

Техникалық немесе жаратылыс тану ғылымы бағыты бойынша, физико-математикалық мамандықтар бойынша жоғары кәсіби білімі.

Зертхана салысына сәйкес мамандықтар бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Зертхана саласы бойынша ғылыми еңбектері.

Қосымша талаптар: токамак типті қондырғылардағы жоғары температуралық плазманың физикасы, плазманың диагностикасы, плазмадағы үдірістерді моделдеу әдісі, эксперименттік мәліметтерді өңдеу және талдау.

эксперименттік физикалық қондырғылар зертханасының бастығы (282 зертхана)

Біліктілік талаптары:

Физико-энергетикалық мамандықтар бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі.

Зертхана жұмыстары саласына сәйкес инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі (зертхана жұмысының саласына сәйкес мамандық бойынша ғылыми дәрежесі бар кезінде жұмыс өтіліне талап қойылмайды).

Зертхана саласы бойынша ғылыми еңбектері.

Қосымша талаптар: токамак типті қондырғылардағы жоғары температуралық плазманың физикасы, эксперименттік физикалық қондырғыларды және басқарылатын термоядролық синтез құрылығыларын жетілдіру, реттеу және пайдалану, эксперименттік мәліметтерді өңдеу және талдау.

 

Конкурсқа қатысу үшін ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ғылыми хатшысына 2018 жылдың 4 желтоқсанына дейін келесі құжаттарды тапсыру керек:

 

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы конкурс комиссиясына өтініш;

Қосымшасы бар жоғары және жоғары оқуң орнынан кейінгі білімі туралы дипломның (бар болса) көшірмесі;

Соңғы жұмыс орнынан (бар болса) мінездеме (ұсыныс);

Еңбектегі қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

Түйіндеме;

Ғылыми еңбектерінің тізімі (ф2.3 форма).

вакансии трудоустройство