10 желтоксан 2018
2018 жылғы 5-6 желтоқсан аралығында Токио қаласында FNCA қатысушы елдері мен халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды делегаттарының қатысуымен өткен Азиядағы Ядролық кооперация форумының (Forum of Nuclear Cooperation in Asia, FNCA) министрлер деңгейіндегі жыл сайынғы 19-шы кеңесінде энергетикалық және энергетикалық емес секторларда ядролық ғылым мен ядролық технологияларды қолдану саласындағы жетістіктер қаралды. Қазақстан Республикасын Ұлттық ядролық орталық пен Жапониядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі таныстырды.
Форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеген ҚР ҰЯО бас директоры, FNCA үйлестірушісі Эрлан Батырбеков жаһандық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері ядролық және радиациялық технологияларды пайдалану кезіндегі ең жоғарғы басымдық екенін атап өтті. Бірқатар заң аспектілері осының айғағы. Еліміз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1540-қарарының ережелерін толығымен орындайды, ядролық және басқа да радиоактивті материалдардың заңсыз айналымымен күрес жүйесін нығайтуды қолдайды. Қазақстан Ядролық жеткізушілер тобы мен Заңгер комитетінің мүшесі ретінде ядролық экспортқа бақылау жасаудың барлық мүмкін шараларын қабылдайды. 2018 жылғы 1 қарашада Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Бірінші комитет Қазақстанның «Ядролық қарудан азат әлемді құру туралы жалпыға бірдей декларация» деп аталатын қарарына дауыс берді.
Таратпау саясатының заңдық аспектілерін іске асырудан басқа Қазақстан практикалық салада да жұмыстар жүргізіп келеді. Мысалы, Қазақстан азаматтық секторда жоғары байытылған уранды пайдалануды барынша азайтуға қарай қадам басып келеді. Атап айтқанда, ВВР-К реакторы екі жыл бұрын төмен байытылған жаңа отынмен жұмыс істей бастады (Ядролық физика институты, Алматы), ИВГ1.М және ИГР зерттеу реакторларының отынын конверсиялау мүмкіндігі зерделенуде (Ұлттық ядролық орталық, Курчатов). «ҮМЗ» АҚ негізінде ИГР зерттеу реакторының қолда бар жоғары байытылған уран-графитті отынын уран-235-тің құрамын соңғы материалда 90%-дан 20%-ға дейін кеміту арқылы қайта өңдеудің бірегей технологиясы әзірленді.
Биылғы жылы кеңесте ядролық және радиациялық технологияларды ауыл шаруашылығында қолдану тақырыбы да қаралды. Бұл Қазақстан үшін өзекті, бірақ біршама жаңа тақырып. Қазақстан болашақ ұрпақ үшін топырақтың құнарлылығын сақтау арқылы ауыл шаруашылығының тұрақтылығы мен азық-түлік қауіпсіздігін, су ресурстарын тиімді пайдалануды, ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығынын азайтуды және басқаларды қамтамасыз ететін тиімді және экологиялық қауіпсіз технологиялар ретінде FNCA-дің радиациялық және ядролық технологияларды ауыл шаруашылығында ілгерілету жөніндегі күш-жігерін қуаттайды және жан-жақты қолдайды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024