14 желтоксан 2018
Құрметті әріптестер, қымбатты достар!
Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Бұл күн Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістердің, мемлекетіміздің ойдағыдай дамуының символына айналды. Ұлт көшбасшысының атқарып жатқан істері өз халқына, Отанына қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады. Президентіміздің бастамаларының арқасында Қазақстан бүгінгі күні барша әлем таныған бәсекеге қабілетті мемлекетке айналды.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, әр отбасына амандық, еңбекте табыс тілеймін. Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, гүлдене берсін!
ҚР ҰЯО РМК бас директоры Эрлан Батырбеков
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024