ҚР Ұлттық ядролық орталығы ISO стандартының талаптарына сәйкестік сертификатын алды


20 желтоксан 2018

Әрбір компания немесе кәсіпорын нарықтағы өз үлесін арттыру, имиджі мен беделін, инвестициялық тартымдылығын көтеру арқылы қызметін жақсартуға ұмтылады.  

Осыған сәйкес биылғы жылы 13-16 қараша аралығында «ҚР Ұлттық ядролығы» РМК-ға кәсіпорынның ҚР СТ ISO 9001-2016 (ISO 9001:2015), ҚР СТ ISO 14001- 2016 (ISO 14001:2015) стандарттарының сапа менеджменті, экология менеджменті жүйелері талаптарына сәйкестігін растау бойынша сертификаттау аудитін жүргізу үшін техникалық сарапшылар мен сарапшы-аудиторлар тобы келіп қайтты.

         Төрт күндік аудитті Семей қаласынан «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ филиалы өткізді. Барлық сарапшылар тобының толық талдауы нәтижесінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК-да сапа менеджменті және экология менеджменті жүйелері стандарттар талаптарына сәйкес енгізіліп, ойдағыдай жұмыс істейтіні туралы қорытынды жасалды.  

         Кәсіпорын басшылығы мен үлкен әрі ынтымақты ұжым СМЖ-ны қолдану саласы шеңберіндегі қызметтерге қойылатын талаптарға қол жеткізу қабілетін толық көрсетіп, барлық менеджмент жүйелерінің жұмысы бойынша өз міндеттемелерін растады.  

Кешенді аудит қорытындысы бойынша ҚР ҰЯО РМК-ға алдағы үш жылға арналған ҚР мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің менеджмент жүйелеріне сәйкестік сертификаты берілді.

Сапа саласындағы аудиттің ойдағыдай өтуі біздің кәсіпорынның серіктестері үшін кәсіпорын сенімділігінің және оның қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігінің қосымша кепілі болып табылады, ал экология менеджменті сертификатының болуы экологияға деген кәсіпорынның жауапты көзқарасын көрсетеді, бұл компанияның тұтынушылар, инвесторлар мен қоғам алдындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

 

Анықтама. ISO бүкіл дүние жүзі бойынша миллиондаған ұйым өз жұмысында басшылыққа алатын сапа менеджментінің жүйесі бойынша ең белгілі халықаралық стандарт болып табылады.

Курчатов няц рк сертификат аккредитация СМК