11 қаңтар 2019
Бүгінгі таңда ҚР Ұлттық ядролық орталығының цитогенетикалық зертханасы Еуропа, Америка және Жапонияның биодозиметрлік зертханалары сияқты ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. МАГАТЭ ұсыныстарын басшылыққа ала отырып, ҚР ҰЯО-да цитогенетикалық дозиметрияның 4 әдісінің 3-еуі игерілді, олар: цитогенетикалық талдау, цитокинезді бұғаттай отырып микроядролық тест жүргізу және флуоресценттік будандастырудың in situ әдісі.
Электрондық Carl Zeizz микроскобы негізіндегі автоматтандырылған цитогенетикалық жүйе, сондай-ақ 8 препаратқа арналған MSearch метафазаларды автоматты іздестіру жүйесі, Metafer 4, Ikaros, Isis программалық жасақтамалары зерттеу нәтижелерінің сапасын арттыруға және жаңғыртуға мүмкіндік беріп, төмен дозалар кезіндегі статистикалық қателіктерді төмендетеді. Кескіндерді цифрлаудың арқасында талдау жүргізуге кететін жалпы уақыт бірнеше есе қысқарады.
Төмендегі суретте AxioImager микроскобының 1998, 2012 және 2016 жылдары сатып алынған түрлері берілген. Соңғы үлгі Қазақстанда тек ҚР ҰЯО-да ғана бар.
18 сәуір 2025
16 сәуір 2025
15 сәуір 2025
14 сәуір 2025