15 қаңтар 2019
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында радиациялық авариялар салдарын жоюға қатыса алатын жалғыз кәсіби авариялық-құтқару құралымы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында ғана бар. Бұл құралым радиациялық авариялық салдарды жою кезінде ғана емес, сондай-ақ иесіз иондаушы сәулелену көздері (ИСК), радиоактивті материалдар мен заттар анықталған кезде де әрекет етеді. Қазақстан Республикасындағы басқа кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары мұндай жұмыстарға қатыса алмайды.
Неліктен ҚР ҰЯО-да құрылды? Кәсіпорын «Байкал-1» және ИГР зерттеу реакторлары кешендері, «EАGLE» эксперименттік стендтік қондырғысы сияқты ерекше қауіпті объектілерге жататын бірегей эксперименттік базаның меншік иесі болып табылады.
Құралым жоғарғы деңгейде материалдық-техникалық жабдықталған және барлық нормативтерге сай келеді.
Басқару органдарын, күштер мен құралдарды төтенше жағдайлар аймағына баруға және төтенше жағдайларды жою жұмыстарын жүргізуге дайын күйде ұстауға ерекше көңіл бөлінеді, бұған оқу-жаттығулар өткізу айтарлықтай мүмкіндік береді.
Төмендегі суретте авариялық-құтқару құралымының бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағында (Тәжірибе алаңы, 2018 жыл) өткізген оқу-жаттығулары көрсетілген.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024