МАГАТЭ семинарлары


27 наурыз 2019

2020-2025 жылдар кезеңінде МАГАТЭ техникалық ынтымақтастығының (МАГАТЭ ТЫ) «Өңірде қоршаған ортаны радиациялық мониторингілеу әлеуетін күшейту» жұмыс атауымен ірі өңірлік жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыруға дайындық мәселесі Венада (Аустрия) өткен халықаралық семинарда ҚР Ұлттық ядролық орталығы қызметкерлерінің белсенді қатысуымен қаралды. Семинарға Армения, Әзірбайжан, Беларусь Республикасы, Болгария, Кипр, Эстония, Греция, Грузия, Қазақстан, Литва, Латвия, Ресей, Польша, Словения және т.б. сияқты 20-дан астам елдің өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі түйіні жобаны іске асыруға арналған жол картасын әзірлеуге бағытталды, жобаның өтінімі талқыланып, алдын ала қалыптастыру және оның жұмыс жоспарын әзірлеу жүзеге асырылды. Сондай-ақ жабдықтарды жеткізуге және қатысушы елдерде радиациялық мониторингілеудің кешенді бағдарламасын құру бойынша МАГАТЭ сарапшыларының консультациялық қызметтерін ұсынуға қатысты жобаны іске асырудың шешуші сәттері талқыланды. Белгіленген мерзімдерге сай биылғы жылдың ішінде іске асыру мүмкіндігін қарастыру үшін жоба МАГАТЭ ТЫ басшылығына ұсынылатын болады.

Сондай-ақ МАГАТЭ мамандары Алматыда (Қазақстан) 2020-2025 жылдар аралғында іске қосу жоспарланған «Радон» жұмыс атауымен ірі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі семинарды ұйымдастырып, оған ҚР ҰЯО қызметкерлері де қатысты.

МАГАТЭ-нің Швеция, Чех Республикасы және Украинадан келген халықаралық сарапшылары өз елдерінде «Радон» бағдарламасын дамыту тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында бағдарламаны дамыту нұсқалары ұсынылды, тұрғын үйлерде және жұмыс үй-жайларында радон мен оның туынды өнімдерінің мөлшерін төмендетуге мүмкіндік беретін радон бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеу мәселесі талқыланып, елімізде «Радон» бағдарламасын құру бойынша МАГАТЭ сарапшыларының консультациялық қызметтер ұсынудағы басты мәселелер қаралды.

международное сотрудничество молодые ученые и специалисты няц рк МАГАТЭ семинар