23 сәуір 2019
2019 жылғы 22 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) мен Корея Республикасының Ядролық таратпау және бақылау институты (KINAC) арасында Ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Келісімге ҚР ҰЯО бас директоры, профессор Эрлан Батырбеков пен KINAC президенті, доктор Sok Chul Kim қол қойды.
Тараптар бұл келісім ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздік саласында ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды механизмі болады және аталған саладағы технологияларды жетілдіріп, әлеуетін арттыруға айтарлықтай үлес қосады деп есептейді.
Осы Келісімнің шеңберінде қатысушылар ақпарат алмасу жолымен келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру туралы уағдаласты:
Естеріңізге сала кетейік, KINAC ұйымы мен Корея Республикасының Ядролық және физикалық қауіпсіздік комиссиясы мамандарының ҚР Ұлттық ядролық орталығына алғашқы сапары 2018 жылғы маусым айында болып өтті. Сапар қорытындысы бойынша корейлік тарап бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағында ядролық қару сынақтарының инфрақұрылымы мен зардаптарын жою жөніндегі жұмыстардың нәтижелеріне жоғары баға беріп, бұрынғы ССП-дағы ядролық қарусыздану мәселесін шешудегі Қазақстанның тәжірибесін зерделеуге қызығушылық танытты.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024