Бүгін, 2019 жылғы 15 мамырда, ҚР Ұлттық ядролық орталығының құрылғанына 27 жыл толды.


15 мамыр 2019

 

Қызмет еткен жылдар ішінде қызметіміздің барлық стратегиялық бағыттары бойынша айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде, атом энергетикасында, радиоэкологияда, ЖҚҚ-ны тараптау режимін қолдауда бірегей ғылыми жобаларды іске асырдық. Болашақтың энергетикасы – басқарылатын термоядролық синтездің жаңа перспективалық бағытын белсенді түрде ілгерілеттік. Қазақстанның атом саласы үшін кадрлар дайындадық. Материалдық-техникалық базаны айтарлықтай нығайттық: жаңа зертханалар, жөндеу-механикалық шеберханалары ашылды, радиоэкология және атом энергетикасы саласында зерттеулер жүргізуге арналған заманауи жабдықтар сатып алынды, автопарк жаңартылып, басқа да жұмыстар атқарылды.

ҚР Ұлттық ядролық орталығының ұжымын қол жеткізілген жетістіктермен құттықтаймын! ҚР ҰЯО РМК қызметкерлеріне денсаулық пен амандық тілеймін! ҚР Ұлттық ядролық орталығы өркендей берсін!

 

Эрлан Батырбеков, ҚР ҰЯО РМК бас директоры

 

 

поздравление ИРБЭ ИАЭ Байкал Эрлан Батырбеков РГП НЯЦ РК