17 мамыр 2019
АҚШ Елшісі Уильям Х. Мозер мен АҚШ ҚМ Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің (DTRA) директоры Вейл Оксфорд Семей сынақ полигоны алаңына келіп қайтты, онда бұрынғы ССП-ны қауіпсіз күйге келтіру жұмыстарының нәтижелерімен танысты.
ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен АҚШ ұйымдарының ядролық сынақтарды жүргізу инфрақұрылымдарын жою жөніндегі алғашқы жұмыстары Жаппай қырып-жоятын қару инфрақұрылымын жою жөніндегі келісім шеңберінде 1996-2000 жылдар аралығында жүргізілді. Келісім шеңберінде ССП-дағы ядролық сынақтар жүргізілген барлық инфрақұрылым толығымен жойылды. Жерасты сынақтарын жүргізуге арналған объектілер бұдан былай оларды ядролық қару сынақтары үшін қолдануға мүмкіндік бермейтіндей күйге келтірілді.
2000 жылдан бастап жұмыстар үшжақты негізде (ҚР-АҚШ-РФ) жүргізілді, нәтижесінде ядролық қызмет қалдықтары бар сынақ ұңғымалары консервацияланды, «Колба» контейнерлері көмілді, екі штольнялық объектіден арнайы технологиялық жабдықтар алынып, Ресейге әкетілді, барлық жоспарланған штольнялық объектілерде ядролық қызмет қалдықтарын байланыстыру және физикалық тосқауылдарды күшейту жұмыстары толығымен аяқталды. Сондай-ақ DTRA өкілдерімен бірге ССП сынақ алаңдарында үш деңгейлі физикалық қорғаудың заманауи жүйесі құрылды.
Бірлесіп жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне АҚШ Елшісі мен DTRA директоры жоғары баға беріп, қазіргі және келешек жобаларды талқылады.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024