21 маусым 2019
Жапонияның атом саласы ұйымдары мен ҚР ҰЯО мамандары арасындағы алғашқы келісімшарттар 90-шы жылдардың басындағы халықаралық форумдарда жасалды, ол форумдарда біздің ғалымдар сол кезде жүргізіліп жатқан атом энергетикасының қауіпсіздігі саласындағы зерттеулерінің нәтижелері туралы баяндамалар жасаған.
Содан бері 25 жыл уақыт өтті десек те, ҚР ҰЯО мен Жапонияның ұйымдары, институттары және компаниялары арасындағы ынтымақтастық үзілген жоқ, керісінше айтарлықтай нығая түсті, бірлескен жұмыстар тақырыбы еңейе түсті, жаңа жобалар іске асырылуда.
19-22 маусым аралығында ҚР ҰЯО негізінде Toshiba Enerdgy Systems & Solutions Corporation және Marubeni Utility Services, Ltd компанияларындағы әріптестермен жоспарланған ғылыми-техникалық семинарлар сериясының алғашқысы өткізілді, оның негізгі мақсаты қазіргі тиімді ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттарын талқылау болды.
Семинар шеңберінде ҚР ҰЯО зерттеу реакторларының кешендеріне, "Тәжірибе алаңына" және тәжірибелік фермерлік шаруашылыққа техникалық турлар ұйымдастырылды. Жапондық мамандар ҚР ҰЯО-ның атом энергетикасы мен термоядролық энергетиканы, радиоэкологияны дамыту мәселелерін шешудегі қызметін жоғары бағалады, сондай-ақ кәсіпорынның бірегей зерттеу базасының айтарлықтай әлеуетін атап өтті.
Өткізілген пікірталастар шеңберінде ағымдағы жобаларды іске асыру барысы қаралды, ұйымдар үшін өзара қызығушылық туғызған жұмыстардың жаңа бағыттары белгіленді. Ағымдағы жылдың соңында Жапонияда өткізу жоспарланып отырған келесі семинар алаңдарында егжей-тегжейлі талқылау үшін Тараптар айтқан жаңа бастамаларды бірлесіп пысықтау туралы шешім қабылданды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024