Ғаділет Әндиянұлы Батырбековті еске алуға арналған ескертіш тақтаның ашылуы


24 маусым 2019

     Бүгін, 24 маусым күні Алматыда көрнекті қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғаділет Әндиянұлы Батырбековті еске алу рәсімі өткізілді.

      Ескерткіш тақта Алатау кентіндегі Ядролық физика институтының ғимаратында орнатылды.

      Ашылу салтанатына Ғаділет Әндиянұлының туыстары мен жақындары, әріптестері мен достары қатысты. Көрнекті қазақстандық ғалым Ғаділет Әндиянұлы Батырбековтің есімі еліміздің екі ірі ғылыми кәсіпорны – Ядролық физика институты мен ҚР Ұлттық ядролық орталығы тарихына мәңгі жазылды.

      Ғаділет Әндиянұлы ВВР-К реакторының алғашқы бас инженері, Ұлттық ядролық орталықтың алғашқы бас директоры болды. Оның реакторлар мен ядролық энергетиканың өзекті мәселелерін шешуге қосқан үлесі өте зор. Ғылыми қызметінің нәтижелері Қазақстанда және шет елдерде жақсы танымал және кеңінен таралған.

       Көп жағдайда Ғаділет Әндиянұлының арқасында саяси және экономикалық ауыр кезеңдерде Семей сынақ полигонында бұрынғы КСРО әскери-өнеркәсіптік кешенінің ғылыми-техникалық әлеуеті сақталып, ҚР Ұлттық ядролық орталығы құрылды.

      Ғаділет Әндиянұлы мемлекетіміздің тарихында және біздің жүрегімізде мәңгі өшпес із қалдырды.

 

РГП НЯЦ РК Открытие мемориальной доски Алматы ИЯФ Батырбеков Гадлет Андиянович