05 шілде 2019
3-4 шілде аралығында Курчатов қаласында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК мен Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (JAEA) ынтымақтастығы шеңберінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында кадрлар даярлау мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің оныншы кеңесі өтті. Аталған іс-шара атом энергетикасын дамытуды жоспарлап отырған Азия елдері үшін нұсқаушы-оқытушыларды даярлау бағдарламасының маңызды буындарының бірі болып табылады. Мамандарды оқыту екі кезеңмен ұйымдастырылды. Бағдарламаның бірінші кезеңінде ҚР ҰЯО РМК мамандары JAEA адами ресурстарды дамыту орталығына жіберіледі, бұл жерде олар Вьетнам, Бангладеш, Таиланд, Түркия, Малайзия, Моңғолия, Индонезия және Филиппин өкілдерімен бірлесіп нұсқаушылар курстарында білім алады. Курсқа 2010 жылдан бастап 20-дан астам қазақстандық маман қатысты. Оқудан өткен нұсқаушы-оқытушылар жапон сарапшыларымен бірлесіп Ұлттық ядролық орталық негізінде мамандарды оқытуды жүзеге асырады. 2012-2015 жылдар аралығында ҚР ҰЯО РМК-да «Ядролық және радиологиялық аварияларға дайындық» және «Реакторлық технологиялар» тақырыбы бойынша жыл сайын екі курстан өткізілді. Жүзден астам маман білім алып, біліктілігін арттырды. Үйлестіру комитетінің кеңесінде аталған оқу курстарының проблемалары, жетістіктері мен даму перспективалары талқыланды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024