25 шілде 2019
2019 жылы Азиядағы Ядролық кооперация форумына (FNCA) қатысушы 12 елдің арасындағы ең үздік зерттеу командасы «Полимерлерді радиациялық өңдеу және модификациялау» жобасы бойынша Қазақстан Республикасының командасы болды, екінші және үшінші орынды Вьетнам мен Австралия командалары иеленді.
Дауыс беру қорытындысы ҚР ҰЯО РМК бас директоры, FNCA үйлестірушісі Эрлан Батырбеков қатысқан FNCA аға лауазымды тұлғаларының кеңесінде айтылды. Жеңімпазды марапаттау рәсімі биылғы жылдың желтоқсан айында Токиода өтеді.
Сондай-ақ аға лауазымды тұлғалардың кеңесінде талқылау бағыттары және министрлер деңгейіндегі алдағы кеңестің күн тәртібі, панелдік зерттеуге шолу қаралып, FNCA негізгі функциялары мен қызметіне баға берілді.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024