03 қыркүйек 2019
ҚР Ұлттық ядролық орталығында ғылыми-техникалық кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Отырысты ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков ашты: «Бүгін Мемлекет басшысы еліміздің алдағы кезеңдегі дамуының нақты мақсаттары мен міндеттерін белгіледі. Жолдау демократиялық процестерді одан әрі дамытуға бағытталған мемлекетіміздің дәйекті саясатының жалғасы болды». Жолдауға қолдау көрсету мақсатында сөз сөйлеген ҚР ҰЯО қызметкерлері мемлекетті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, ел экономикасын дамыту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау мәселелерінің маңыздылығын атап көрсетті. Жолдауда азаматтық қоғамды қолдау мен нығайтуға, өңірлерді дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Президент «мықты аймақ – мықты ел» деп өңірлерді дамытудың маңыздылығына өте дәл анықтама берді. Мамандарды тарту үшін белгілі бір жағдайлар жасау қажет, ең алдымен тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет. Жолдауда осы мәселені шешу бойынша бірқатар шаралар айқындалған, оларды іске асыру тұрғын үй қолжетімділігін арттыруға және өңірлерге кадрларды тартуға мүмкіндік береді. Қорыта келе кәсіпорын ұжымы Жолдауды жүзеге асыру экономиканың одан әрі өсуіне және еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететініне сенім білдірді.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024