07 сәуір 2017
2017 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың бұрынғы Семей сынақ полигонының кешені және Қазақстан аумағында орналасқан тиісті ғылыми ұйымдар мен объектілер негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығын құру туралы Жарлыққа қол қойғанына 25 жыл толады.
Ширек ғасыр ішінде Ұлттық ядролық орталық радиоэкология, атом энергетикасының қауіпсіздігі саласындағы, таратпау режимін қолдау мәселесіндегі ірі және жетекші ғылыми орталықтардың біріне айналды.
Біз ҚР Ұлттық ядролық орталығының қалыптасуы мен дамуы туралы материалдар топтамасын жариялауды бастаймыз.
Ендеше, неден басталғандығын еске түсірелік.
ҚР Ұлттық ядролық орталығын құру жөніндегі алғашқы қадам Қазақстан Республикасы Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» 1991 жылғы 29 тамыздағы № 409 Жарлығы жариялана салысымен жасалды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі полигонды ғылым және еліміздің халық шаруашылығы мүддесі үшін конверсиялау мақсатында Қазақ КСР Өнеркәсіп министрі В.И. Власов төрағалық ететін, құрамына Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-президенті В.Н. Околович, Қазақ КСР Ғылым академиясы Президиумының жетекші инспекторы В.В. Баканин, Қазақ КСР Ғылым академиясының Ядролық физика институты директоры
Ғ.Ә. Батырбеков, «Луч» ҒӨБ БЭ директоры Ю.С. Черепнин және т.б. қатысушылар кіретін Семей полигоны кәсіпорындарының ғылыми және өнеркәсіптік әлеуетін талдау жөніндегі комиссия құрды. Комиссия одақтық-республикалық бағыныстағы ғылыми-зерттеу орталығын құруды ұсынды, орталықтың құрамы мен негізгі қызмет бағыттары бойынша ұсыныстар жасады.
Саяси және экономикалық жағдай көз ілестірмей өзгеріп жатты және де 1992 жылғы 15 мамырда ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық ортылығы және Атом қуаты жөніндегі агенттігі туралы»
№ 779 Жарлығына сәйкес бұрынғы Семей сынақ полигонының кешені және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тиісті ғылыми ұйымдар мен объектілер негізінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҚР ҰЯО РМК) құрылды.
Жалғасын келесі материалдан оқисыздар.
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының бас инженері В.В. Яковлевтің мақаласының материалдары бойынша дайындалды.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024