06 қараша 2019
Мерейтой күніне орай Мәскеудегі Энерготехникалық ғылыми-зерттеу және конструкторлық институты (ЭТҒЗКИ) ғимаратының алдында белгілі ғалым, профессор Николай Антонович Доллежальға ескерткіш орнатылды.
Кеңес кезеңінің ғалым-энергетигі, ядролық реакторлар конструкторы, профессор Н.А. Доллежаль 1952 жылы «Арнайы институтқа» басшылық етті, бұл реакторлардың барлық түрін құрастыру үшін құрылған ҒЗИ-8 (бүгінгі күнгі - ЭТҒЗКИ), бұл институтты 34 жыл бойы басқарды.
Кеңестік кезеңдегі алғашқы өнеркәсіптік реакторлардың құрылуы, алғашқы атом электростанциясының, отандық алғашқы атом су асты қайығына арналған ядролық энергия қондырғысының, ядролық зымыран қозғалтқыштарының, зерттеу реакторларының және тағы басқалардың әлемде алғаш пайда болуы Николай Антоновичтің атымен байланысты. 1961 жылы Доллежаль Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде «Энергетикалық машиналар мен қондырғылар» ядролық кафедрасын құрды және оны 25 жыл басқарды.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында Семей сынақ полигонының аумағында орналасқан ИВГ1.М бірегей реакторының құрылуы Н.А. Доллежальдің есімімен байланысты. Реактордың жобасын ЭТҒЗКИ әзірледі, ол бүгін де ҚР Ұлттық ядролық орталығының сенімді серіктесі болып табылады. Атап айтқанда, қазіргі уақытта ИГР реакторында қуатты шапшаң арттыра отырып Брест-ОД-300 иновациялық реакторлық қондырғысының жаңа АНУП-отыны қолданылатын ТВЭЛ макеттерін сынау жөніндегі бірлескен жоба іске асырылуда.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024