08 қараша 2019
2019 жылдың 08 қарашасында ҚР Энергетика министрлігі «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалы бос лауазымдарға орналастыруға конкурс жариялайды:
реактордан тыс сынақтар бөлімінің бастығы (240 бөлім)
Біліктілігіне қойылатын талаптар:
Жоғары білім, технологиялық, эксперименттік және есептік әзірлемелерді орындау тәжірибесі.
Инженерлік-техникалық және басшы ғылыми лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 8 жыл; Phd докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі болған кезде – жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Бөлімнің жұмыс бағдары бойынша ғылыми еңбектері.
арна ішіндегі сынақтар зертханасының бастығы (233 зертхана)
Біліктілігіне қойылатын талаптар:
«Физика», «Энергетика», «Техникалық физика», «Конденсирленген күй физикасы» және «Материалтану» бағыттары бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Басшы лауазымындағы (ғылыми қызметкер, топ басшысы, зертхана бастығының орынбасары және т.б.) ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл. Реакторлық технологиялар, радиациялық материалтану, плазма физикалары, сутегінің және оның изотоптарының материалдармен өзара әрекеттестігі саласында рейтингілік отандық және нөлдік емес импакт-факторлы шетелдік басылымдарда ғылыми еңбектері.
Конкурсқа қатысу үшін 2019 жылдың 23 қарашасына дейін ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ғылыми хатшысына төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:
Конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы өтініш;
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (бар болған жағдайда) білімі туралы дипломының қосымшасымен бірге көшірмесі;
Соңғы жұмыс орнынан (бар болған жағдайда) мінездеме (ұсыныс);
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
Түйіндеме;
Ғылыми еңбектерінің тізімі (ф2.3 нысан).
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024