27 қараша 2019
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында болашақ термоядролық энергетиканың функционалдық және конструкциялық материалдарын сынауға арналған әлемдегі алғашқы мамандандырылған токамакты физикалық іске қосудың соңғы кезеңі іске асырылды.
2019 жылғы 20 қарашада КТМ қондырғысын физикалық іске қосудың екінші және соңғы кезеңінің талаптарын қанағаттандыратын плазмалық разряд алынды. Осы кезеңде КТМ қондырғысының және оның негізгі технологиялық жүйелерінің жұмыс істеу қабілеті омдық режимде плазма алу арқылы (қосымша қыздыру құралдарын пайдаланбай) көрсетілді. Эксперименттер барысында плазмалық разряд сценарийінің бастапқы фазасын пысықтау, иондалған газ тесігін алу, сондай-ақ плазмалық баулардың даму сценарийін және плазмалық разрядтың есептік мәндеріне сәйкес келетін параметрлеріне қол жеткізуді пысықтау жүргізілді. Жұмыс газы ретінде сутегі қолданылды. КТМ токамагын физикалық іске қосудың соңғы кезеңінің негізгі мақсаттарына қол жеткізілді.
Жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының, сондай-ақ Д.В. Ефремов атындағы ЭФАҒЗИ (Ресей) әдістемелік қолдауымен «Курчатов институты» (Ресей) Ұлттық зерттеу орталығының Курчатов термоядролық энергетика және плазмалық технологиялар кешенінің мамандары қатысты.
КТМ токамагын физикалық іске қосуды жүзеге асыру маңызды оқиға және КТМ қондырғысын жұмыстың толық ауқымды жобалық параметрлеріне шығару жұмыстарын бастауға мүмкіндік беретін жауапты есептік кезең болып табылады.
2020-2022 жылдары КТМ қондырғысын плазмалық разрядтың жобалық параметрлеріне шығару – плазмалық бауды дөңгелек қимадан созылған қимаға, нәтижесінде плазманың конфигурациялық плазмасына ауыстыру жұмысы жоспарлануда. Бұдан кейін плазманың қосымша жоғары жиілікті қыздыру жүйесін қосу және қондырғы плазмасының тогын 750 кА жуық мәнге шығару жоспарланған. Плазмалық разряд уақыты 5 секундқа дейін жеткізілетін болады. Бұл іс жүзінде болашақ термоядролық реакторлардың кандидат материалдарына плазманың әсерін зерделеу бойынша толық ауқымды жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік беретін қондырғының технологиялық шегі болып табылады.
Аталған жұмыстар АТОМ-ТМД бағдарламасы және ТМД елдерімен КТМ токамагын бірлесіп пайдалану туралы тиісті келісім шеңберінде іске асырылатын болады. Жұмыстарды аяқтау 2023 жылға жоспарланған.
Жоба туралы
«Қазақстандық КТМ материалтану токамагын құру» жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ITER халықаралық термоядролық эксперименттік реакторын құру бағдарламасына қолдау көрсету үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы ғылым мен технологияларды дамыту, жоғары білікті ғылыми және инженерлік кадрларды даярлау үшін Курчатов қаласында іске асырылуда.
Қосымша ақпарат алуға арналған e-mail: utenkova@nnc.kz, nurgulya@nnc.kz
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024