Тәуелсіздік күнімен!


13 желтоксан 2019

Құрметті әріптестер!

Еліміздің маңызды мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Осыдан 28 жыл бұрын біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен әлемдік қоғамдастықтың лайықты мойындауына ие болған өзіміздің жеке қазақстандық жолымызды бастадық.

Тәуелсіздік жылдары экономика қарқынды дамып, халықтың әл-ауқатының артуы қамтамасыз етілді, этносаралық келісімнің бірегей үлгісі құрылды. Қазақстан әлемдік антиядролық процестің көшбасшысы болды.

Осы мереке күні сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, амандық, тұрақтылық, бейбітшілік, келісім мен өзара түсіністік тілеймін! Мемлекетіміз – Қазақстан Республикасы одан әрі өркендей берсін!

        Бас директор Э.Ғ. Батырбеков

 

Мероприятия