27 желтоксан 2019
Жаңа жыл қарсаңында ҚР Ұлттық ядролық орталығында жаңа зертхана корпусы ашылды. Зертханада полигонның радиациялық қауіпті аумақтарында және ССП-ға іргелес аумақтарда толықтай жұмыс істейтін мониторинг жүйесі құрылған. Мұндай жүйе ең ерте деңгейдегі радиациялық жағдайдың кез келген теріс дамуын дер кезінде анықтауға мүмкіндік беруі тиіс. Мұның негізі қоршаған ортаның барлық объектілерінде радионуклидтердің аса төмен шоғырлануын өлшеу және осындай өзгерістердің себептерін анықтау болып табылады.
Жаңа зертхана корпусын қайта жаңарту жобасын әзірлеу кезінде радиоэкологиялық зерттеулер жүргізу саласындағы жоғары халықаралық стандарттардың барлық талаптары ескерілді. Зертханалық үй-жайларды әрлеу радиациялық қауіптілік бойынша жұмыстардың арнайы класына сәйкес келеді. Шетелдік әріптестердің тәжірибесі негізінде жаңа корпуста арнайы материалдардан жасалған аса төменгі фондық өлшеулер жүргізуге арналған толық оқшауланған зертханалық үй-жай жасалды. Барлық зертханалық үй-жайлар қазіргі заманғы зертханалық және талдамалық жабдықтармен жарақталған, Қазақстанда олардың басым бөлігінің баламасы жоқ.
Қайта жаңартылған ғимараттың жалпы ауданы 570 м2 құрайды. Бұған қоса зертханалық үй-жайларда персоналдың киім ауыстыруына және санитарлық өңдеуден өткізуге арналған бөлмелер, ыңғайлы кеңсе кабинеттері, заманауи оқу бөлмесі, тамақтану және демалыс бөлмелері бар.
Осындай зертхана корпусының құрылуы ССП аумағында радиациялық мониторингті жоғары сапалы деңгейде жүзеге асыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді деп сеніммен айтуға болады.
Мониторинг міндеттерін орындау полигонның радиациямен ластанған учаскелері туралы, оған іргелес аймақтардағы радиациялық жағдай туралы халықтың хабардар болуын арттыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде біздің өңірде ғана емес, жалпы Қазақстанда халықтың радиофобиясын төмендетуге ықпал етеді.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024