IX халықаралық конференциясы


17 қаңтар 2020

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы 2020 жылғы 8-10 қыркүйек аралығында ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен «Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» атты IX халықаралық конференция өткізеді.

Конференцияда келесі тақырыптар бойынша ауқымды мәселелер қарастырылатын болады:

1. Атом энергетикасын дамытудың қазіргі заманғы бет алысы мен келешегі: ядролық зерттеу қондырғылары; атом энергетикасының қауіпсіздігі; радиациялық материалтану және қатты дене физикасы, энергетиканың перспективалық функционалдық материалдары; ПЯО және РАҚ-пен жұмыс істеу.

2. Басқарылатын термоядролық синтез технологиялары: басқарылатын термоядролық синтез қондырғылары; плазма-физикалық зерттеулер; ТЯР-дың конструкциялық және функционалдық материалдары; басқарылатын термоядролық синтездің физика-техникалық және инженерлік аспектілері.

3. Радиациялық экология және медицина: радиоэкологиялық зерттеулер және адам мен экожүйелер үшін тәуекелдерді бағалау; бұрынғы сынақ полигондарының және басқа да радиациялық қауіпті объектілердің мониторингі; техногендік радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарды ремедиациялау; радиоэкологияның ғылыми және қолданбалы міндеттерін шешудегі жаңа тәсілдер; өнеркәсіптегі және медицинадағы ядролық және радиациялық технологиялар.

4. Ядролық қаруды таратпау режимін нығайту: ядролық қаруды сынаудың инфрақұрылымын және салдарын жою; ядролық қаруды таратпау режимін қолдау және нығайту; азаматтық секторда жоғары байытылған уранды пайдалануды барынша азайту; ядролық сынақтарды бақылаудың халықаралық жүйесін дамыту.

Алдағы конференция туралы толығырақ ақпаратты www.nnc.kz сайтынан алуға болады.

Конференцияға қатысуға өтінімдер https://sts2020.nnc.kz/ веб-сайты арқылы беріледі.

Онлайн-тіркеудің ашылуы – 2020 жылғы 20 қаңтар.

Барлық сұрақтар бойынша conf2020@nnc.kz электрондық поштасына хабарласуға болады.

 

Мероприятия