16 сәуір 2020
ҚР Ұлттық ядролық орталығы бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағын радиоэкологиялық тексеруді картографиялық сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Бұл далалық жұмыстарды жоспарлау кезіндегі маңызды кезеңдердің бірі болып табылады және тексеру учаскелерін айқындауды, сынама алудың тұрақты желісін құруды, далалық және зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша жасанды және табиғи радионуклидтердің таралу карта-схемаларын құруды және т.б. қамтиды.
Қазіргі уақытта ССП аумағының шығыс бөлігіне арналған паспорттық деректердің (сынамалар алудың далалық нәтижелері) бірінші партиясы алынды. Алынған сынамалардың нәтижелері деректер базасына енгізіледі, ал одан әрі ГАЖ-талдау арқылы жүргізілген зертханалық өлшеулер негізінде түсінуге жеңіл қол жетімді картографиялық материалдар (карталар, схемалар, кестелер және т.б.) алынатын болады.
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024