Кориумның физика-химиялық және жылу-физикалық қасиеттерін зерттеу


20 сәуір 2020

Қауіпсіздігі жоғары жаңа АЭС-терді жобалау кезінде, сондай-ақ авариялық АЭС-те кориуммен жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру үшін кориумның қасиеттері және актив аймақ балқымасына, өтпелі және апаттық режимдердегі ядролық реакторлар отынының, материалдары мен конструкцияларының әрекетіне байланысты процестер туралы деректер қажет.

Модельдік эксперименттерде алынатын кориумның физика-химиялық және жылу-физикалық қасиеттерін зерттеу ҚР Ұлттық ядролық орталығында жүргізіледі.

Ауыр апат кезінде ядролық реакторда кориуммен болатын процестерді модельдеу бойынша эксперименттер жоғары температуралы ВЧГ-135 имитациялық стендінде жүргізіледі. Бұл – үлгілерді 3000 °C-қа дейін қыздыруға мүмкіндік беретін бірегей зерттеу құралы.

Температураны өлшеудің негізгі құралы ретінде вольфрам-рений терможұптары пайдаланылады, ал температураны байланыссыз өлшеу үшін пирометрлер қолданылады.

ВЧГ-135 стендінде қыздырғаннан кейін үлгілерді зерттеу Enpyrean рентген дифрактометрі, оптикалық және сканерлейтін электронды микроскоптар, УТФИ-2 жылу физикалық қасиеттерін анықтау қондырғысы сияқты жаңа жабдықтарды пайдалана отырып жүргізіледі.

Соңғы 2 жылда ҚР ҰЯО мамандары кориумның құрамы мен қасиеттеріне жіктеу жүргізді, қауіпсіздік жүйелерін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешу үшін қажетті негізгі сипаттамаларды айқындайтын факторлар анықталды.

Жіктеу негізінде кориумның қажетті құрамын алу әдістемесі жасалды. Әдістемені жасау барысында қатып қалған балқымалар және екі түрлі құрамдағы кориумның балқу температурасы жөнінде деректер алынды. Сондай-ақ қатып қалған кориумның сипаттамаларын зерттеу әдістемесі әзірленді және сыналды. Индукциялық әдіспен алынған кориумдағы қалдық энергия бөлінуді компьютерлік модельдеу жүргізілді. Қазіргі уақытта кориумның жылу-физикалық, физика-химиялық және құрылымдық қасиеттері бойынша деректерді алу жұмыстары жалғасуда.

 

 

радионуклиды распределение излучение ионная имплантация модель