28 мамыр 2020
ҚР Ұлттық ядролық орталығы қызметінің бағыттарының бірі жеке дозиметрлік бақылау жүргізу бойынша қызметтер ұсыну болып табылады.
Қолда бар жабдық барлық дене үшін, сол сияқты жекелеген ағзалар мен тіндер (қол, көз жанары) үшін сыртқы бета-, гамма-, рентгендік және нейтрондық сәулеленуден болатын жеке дозаларды анықтауға мүмкіндік береді, бұл медицинадан бастап атом станцияларындағы және ядролық реакторлардағы жұмыстарға дейін иондаушы сәулелену көздерін пайдаланатын барлық салалардағы сыртқы дозаларды бақылауды қамтамасыз етеді.
Персоналды дозиметрлік бақылау үшін автоматты режимде жұмыс істейтін жоғары сапалы Thermo жүйесі қолданылады, бұл адами факторды мейлінше азайтуға және үлкен деректер жиымын өңдеу сапасы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жеке дозиметрлік бақылау иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін барлық ұйымдарда жүргізілуі тиіс. Ол иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде тікелей жұмыс істейтін персоналдың сыртқы сәулелену дозаларын қадағалауға, сондай-ақ қызметкерлерді сәулеленуден қорғау бойынша қажетті шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.
2009 жылдан бастап ҚР Ұлттық ядролық орталығы бөгде ұйымдарға жеке дозиметрлік бақылау жүргізу қызметін ұсынады. Дозиметрлерді беру және жинау курьерлік қызметтің көмегімен «қолдан қолға» қағидаты бойынша жүргізіледі, бұл ұйымның орналасқан жеріне қарамастан бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша қызметтің осы түрін ұсынуға мүмкіндік береді. 2020 жылдың толық емес бірінші жарты жылдығында Қазақстанның 54 ұйымы үшін дозиметрлік бақылау қамтамасыз етілді.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024